Семей қаласының қауіпсіздігі орташа мекемесінде сотталғандар арасында Ұлттық спорт күні атап өтті

Наурыз тойы жалғасуда. Ұлттық салтымыз бен әдет-ғұрыптарымыз ұлықталып, өнегелі өнеріміз бұқаралық сипатта жаңғаруда.
2025 жылдың 20 нурызында Наурызнамаға сәйкес, №20 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бойынша бөлімімен сотталғандар арасында халыққа кең таралған ұлттық спорт ойындары: тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту ойындарының түрлерінен жарыс өтті.
Наурыз мерекесі қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖД-нің №20 мекемесінде ұлттық ойындар ұлықталды. Аталған спорттық іс-шаралар сотталғандардың салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, жат мінездердің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.
«Арқан тарту» жарысына білек күші мықты сотталғандар қатысып, жарыс көркін қыздырды.
Қызықты да тартысты өткен жарыстың жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, медальдармен марапатталды.
— Ұрпақ тәрбиесінде өзіндік орнын айшықтап келетін қазақтың ұлттық ойыны – тоғызқұмалақ зияткерлік ойыны бүгінде жастар арасында белең алып келеді. «Тоғызқұмалақ» ойынының тарихы 4000 жыл бұрын басталған. Ойын жоғары интеллектуалды спорт түрлеріне жатады, — деп атап өтті сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бойынша бөлім бастығы Максат Серікханов.

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...

Этика судей

Особенность этики судьи в том, что она обязательна к...