Семей қаласының қауіпсіздігі орташа мекемесінде сотталғандар арасында Тәуелсіздік күні атап өтті

Тәуелсіздік күнің атап өту мақсатында, №20 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бойынша бөлімімен сотталғандарға «Әлем мойындаған Қазақстан» атты слайд тұсаукесерін көрсетті. Іс –шара соңында ұйымдастырушылар сотталғандар арасында Қазақстанның айтулы күндері, мәдениеті және атақты тұлғалары туралы викторина өткізді, викторинаға қатысушылар үлкен қызуғушылықпен қатысып, барлық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, сотталғандар арасында халыққа кең таралған ұлттық спорт ойындары: тоғызқұмалақ, шахмат ойындарының түрлерінен жарыс өтті.
Аталған спорттық іс-шаралар сотталғандардың салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, жат мінездердің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.
Қызықты да тартысты өткен жарыстың жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамота, медальдармен марапатталды.
— Ұрпақ тәрбиесінде өзіндік орнын айшықтап келетін қазақтың ұлттық ойыны – тоғызқұмалақ зияткерлік ойыны бүгінде жастар арасында белең алып келеді. «Тоғызқұмалақ» ойынының тарихы 4000 жыл бұрын басталған. Ойын жоғары интеллектуалды спорт түрлеріне жатады, — деп атап өтті сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бойынша бөлім бастығы Мақсат Серікханов .

Alikhan Bokeikhan University студенттері ерекше қауіпсіздік мекемесінің қызметімен танысты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен Alikhan Bokeikhan...

Организовано психологическое мероприятие для осуждённых под названием «Сказкотерапия»

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Студенты Alikhan Bokeikhan University посетили учреждение №20 в рамках меморандума о сотрудничестве

В рамках реализации меморандума о сотрудничестве между Alikhan Bokeikhan...

Alikhan Bokeikhan University студенттері ынтымақтастық туралы меморандум аясында №20 мекемеге барды

Alikhan Bokeikhan University мен Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...