Сексеуіл тарихи вокзалы заманауи жайлылық пен қауіпсіздік талаптарына сай жаңғыртылды

Қызылорда облысындағы Сексеуіл теміржол вокзалының реконструкциясы аяқталды. 1904 жылы салынған тарихи вокзал ғимараты ауқымды жаңғырту жұмыстарынан кейін заманауи келбетке ие болып, жайлылық, қауіпсіздік және энергия тиімділігі бойынша қазіргі талаптарға толық сәйкес келеді.

Реконструкция барысында ғимараттың қасбеті мен шатыры жаңартылып, вокзалдың ішіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ энергия үнемдейтін шыны пакеттермен жабдықталған заманауи алюминий витраждар орнатылды. Құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде отандық өндірістің сапалы әрі ұзақ мерзімге төзімді материалдары пайдаланылды.

Бүгінде Сексеуіл вокзалы жалпы ауданы 454,03 шаршы метрді құрайтын заманауи бір қабатты ғимарат болып табылады. Нысан жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, күту және қызмет көрсету үдерістерінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

III класты вокзал тәулігіне орта есеппен 300-ге жуық жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы Алматы, Астана, Қарағанды, Атырау, Павлодар, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Маңғыстау, Жезқазған, Шымкент, Түркістан, Шу, Тараз қалаларына, сондай-ақ Ресей Федерациясына, Өзбекстан Республикасына және Қырғыз Республикасына қатынайтын 30 жолаушылар пойызы жүреді.

Айта кету керек, облыс аумағы арқылы жалпы ұзындығы 1051,7 шақырымды құрайтын магистральдық теміржол желісі өтеді. Бүгінде өңірде тәулігіне 15 жолаушылар пойызы қатынайды. Сонымен қатар, облыста 80 шақырымнан астам теміржол жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жобаның іске асырылуы еліміздің теміржол инфрақұрылымын дамыту және халыққа көрсетілетін көлік қызметтерінің сапасын арттыру жолындағы маңызды кезеңдердің бірі болды. Жаңартылған вокзал жолаушылар үшін неғұрлым қолайлы жағдай қалыптастырып, көрсетілетін қызмет деңгейін арттыруға және теміржол тасымалдарын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...