Сейсмикалық қауіпсіздік: Алматы студенттері төтенше жағдайларға дайындықты үйренуде

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаменті бірлесе отырып, жастар арасында сейсмикалық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кешенді ақпараттық шараларды жүйелі түрде өткізіп келеді.

Жаңа оқу жылы аясында жоғары оқу орындарының студенттеріне жер сілкінісі, табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау ережелері және қауіпсіздік алгоритмдері кеңінен түсіндірілуде. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі, алғашқы медициналық көмек көрсету, зардап шеккендерге психологиялық қолдау көрсету сынды өмірлік маңызы бар тақырыптар да қамтылуда.

Шараның негізгі мақсаты — жастардың дағдарыс сәтінде сабыр сақтап, дұрыс шешім қабылдауына, тиімді әрекет етуіне ықпал ету. Алматы сейсмикалық тұрғыдан аса күрделі аймақ болғандықтан, әрбір азаматтың, әсіресе жастардың, төтенше жағдайда өз өмірін қорғап, өзгелерге көмек көрсете білуі қоғам қауіпсіздігі үшін ерекше маңызды.

Шараға қатысқан студент Айжан Бекова алған әсерімен бөлісті: «Бүгінгі іс-шара барысында мен көптеген пайдалы ақпарат алдым. Әрбір азамат төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігін білуі тиіс деп ойлаймын. Мұндай оқыту жұмыстары тағы ұйымдастырылса, міндетті түрде қатысар едім», – деді ол.

Алдағы уақытта мұндай ақпараттық бағдарламалар тек жоғары оқу орындарында ғана емес, қаланың барлық комьюнити орталықтарында да өткізілетін болады. Жастар үшін интерактивті кездесулер, симуляциялық жаттығулар мен практикалық сабақтар ұйымдастырылып, олардың қауіпсіздік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік жасалады.

Ақпараттық-ағарту жұмыстары — төтенше жағдайлардың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі. Қауіп-қатер туындаған сәтте ғана емес, оған алдын ала дайын болу — заманауи қоғамның басты қағидасы. Осы орайда Жастар саясаты басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаментінің бірлескен бастамасы жастардың қауіпсіздік саласындағы білімін арттыруға және жауапкершілігін нығайтуға жүйелі түрде ықпал етуде.

«Кемел Тоқаев» ордені: Қайрат Закирьянов ерекше марапатқа ие болды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт...

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...