12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Себеппен емес, салдармен күресіп жүрген жоқпыз ба?

Алматы облысындағы 86 жылдық тарихы ұйғыр ауданының атауына қатысты жұртшылық арасында жүріп жатқан пікірталасқа 10-15 жылдың жүзі боп қалды. Бірде өршіп, бірде басылып қалатын бұл мәселені біреулер қазақ ұлтшылдығының, екіншілері ұлтаралық қатынастың, үшіншілері елдегі теріс пиғылды топтар мен кейбір сыртқы күштердің астыртын жүргізіп отырған жымысқы саясатының көрінісі деп бағалап жүр. Алайда оның ешқайсысына қатысты құзырлы органдар тарапынан дәлелденгені туралы әлі күнге дейін ресми мәлімет жарияланған жоқ. Яғни оның алдын алудағы барлық шара себеппен емес, салдармен күреске бағытталуда. Әркім әртүрлі болжам айтып, түрлі пікірді ортаға салғанмен оны жинақтап, талдап, қорытынды жасауға ешкім шындап көңіл бөлмей жүр. Елбасы бір сөзінде «мемлекетміздің діңгегі – қазақ халқы. Ел де, жер де – қазақтікі. Ел болудың ұяты да біздің халықтың мойнында» деген еді. Өкінішке орай бұл мәселеде құрығы ұзын құзырлы органдар тарапынан да ешқандай белсенді әрекет байқалмайды. Әйтпесе «жер сендердікі, билік біздікі» деп айрандай ұйыған елдің арасына іріткі салып, бүйректен сирақ шығарып жүрген әпербақандарды дер кезінде анықтап, жазаға тарту соншалықты қиын шаруа емес. Егер дер кезінде дұрыс шешім қабылданып, патриотизмнің тәрбиелік мәні дұрыс түсіндірілсе Қазақстанды Отаным деп санайтын әрбір азамат өзінің патриоттығын сөзбен емес іспен дәлелдейтін еді. Өкінішке орай кейбір теріс пиғылда адамдар мемлекет құраушы ұлттың тарихы, тілі мен мәдениетіне құрметсіздік танытып, қазақ халқының кеңдігін, меймандостығын теріс түсініп, ұлтаралық қатынасқа сызат түсіруін жалғастыруда. Сондықтан да Қалжатта кеденшілер мен ұйғырлар арасында, Кетпен, Кіші Дихан, Ақтам, Шонжы секілді бірқатар елдімекендердегі қазақ пен ұйғыр жастары арасында түрлі дау-жанжалдар орын алып отыр.

Қарадаланың аңызы мен ақиқаты

Облыстың оңтүстік-шығысында орналасқан бұл аудан 1934 жылы құрылған. Аумағы 8787 шаршы шақырымды алып жатыр. Ондағы 14 ауылдық округке біріктірілген 26 елдімекенде өткен жылдың басындағы мәлімет бойынша 63 288 адам тұрады. Тұрғындарының 40,6 пайызы қазақ ұлтының өкілдері болса, 57,91 пайызын ұйғыр; 1,58 пайызын орыс; 0,45 пайыз өзге этнос өкілдері құрайды. Шығысында Қытай елімен, оңтүстігінде Райымбек, Кеген аудандарымен, батысында Еңбекшіқазақ, солтүстігінде Панфилов ауданымен шектесіп жатыр. Экономикасының негізін мал және егін шаруашылығы құрайтын бұл өңірде кейбір елдімекендерде қазақ ұлтының үлесі айтарлықтай төмен. Сондықтан ондағы кейбір ұйғыр мектептерінде тәуелсіздік жылдары оқу бағдарламасында қарастырылмағанына қарамастан кейбір мұғалімдер астырытын ежелгі ұйғыр мемлекеті мен оның туы, таңбасы, картасы туралы әңгіме қозғап, жастардың ой-санасын улайтын үгіт-насихат жұмысын жүргізіп жүргені республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында сан мәрте айтылып, жазылып, көрсетілді. Өкінішке орай мұндай сынға аудан тұрмақ, білім министрлігі мен оның облыстық басқармасы тарапынан дер кезінді тиісті шара қолданылмады.

Ұлттық қауіпсіздікке жауапты ішкі істер министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті ғана емес сот пен прокуратура органдары тарапынан да ұдайы бақылау мен қадағалау жұмыстары жүргізіліп, одан нәтиже шығарылмады. Сондықтан қазақ ұлты мен ұйғыр этносы өкілдері арасындағы ұлтаралық дау-дамайдың бәрі бүркемеленіп, оған әлеуметтік-тұрмыстық сипатта ғана біржақты баға беріліп келді. Елдің ішіне іріткі салып жүрген бірлі-жарым тентектер не заң жолымен, не ақсалдар тарапынан халықтық әдет-ғұрыпен тезге салынбауы олардың жақтастарын көбейтіп, өздерін еркінсуіне жол ашты. Сырттан келген әрбір жан әрдайым аудан орталығына кірген сәттен бастап көшелердегі барлық жазбалардың қазақ және ұйғыр тілдерінде қатар жазылғанын көріп, мұндай жағдай басқа этнос өкілдері басым тұратын бірде бір елдімекенде жоқтығын айтып таңырқап кететін. Аудан орталығында ғана емес, кейбір елдімекендердегі көшелердің басым бөлігінің мемлекеттің тарихынада орны бар есімдері жалпыға мәлім мемлекет және қоғам қайраткерлерінің емес, ұйғыр этносына ғана қатысы бар адамдардың атында тұрғанына қайран қалатын. Ал еліміздегі ең мәртебелі марапат саналатын Халық қаһарманы атағына ие адамдардың түгелдей ұйғыр этносы өкілдері болып, қазақ ұлтынан оған әлі күнге дейін ешкімнің қолы жетпей жүргенін көпшілік қауым ауданның бірінші басшысының тек осы этнос өкілінен сайлануымен байланыстыратын. Ал атағы тек облыс пен республикаға ғана емес, алыс-жақын шет елдерге біршама әйгілі бола бастаған арасан ыстық суларының түрлі жолдармен ұйғыр азаматтарына беріліп, соның нәтижесінде ондағы демалыс орындары түгелдей дерлік солардың қолына шоғырланып қалғаны да елді көптен бері алаңдатып жүрген мәселенің бірі еді. Ал ауданда ұзақ жылдар бойы тек өздері би, өзі қожа болып жүрген жергілікті атқару органдарының жауапты басшылары тарапынан бірде бір рет бұл мәселелерге қатысты ресми мәлімдеме жарияланған жоқ. Халықтың мұңын айтып, жоғын жоқтайтын мәслихатта да, түрлі қоғамдық кеңестерде де ол ешқашан күн тәрібіне шығарылып, талқыланған емес. Сондықтан аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік жағынан қорғау, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, жастар ісі, мәдениет, тіл мен діни мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Кәрібай Қожағұлға жер-су атауларына қатысты пікір білдіруін сұраған едік.

– Жер-су атауларын өзгерту туралы шешімді мәслихат қабылдаған жоқ. Оны әлі күнге дейін онамастикалық комиссия қарап, өзі шешім шығарады. Қазір кейбіреулер аудан атын өзерту мәселесі мәслихатта қаралыпты деп жүр ғой. Ол шындыққа сәйкес келмейді. 2007 жылы желтоқсанда ол мәслихатта емес, оның жиналысы біткен соң жеке қаралған. Әкімнің өзі оны күн тәртібіне кіргізбей, облыстан аудан атын өзгерту бойынша халықтің пікірін біліңдер деген хат келді деп керекті адамдарды жинап алып, талқыға салды. Онда ұйғыр ағайындар қарсы шығып, ол халықтың пікірі ретінде көрсетілді. Осыдагн 1-2 жыл бұрын оыснда бір конференция өтіп, тарихшылар Шонжының Әлмерек батыр өлтірген қалмақ батырының есімі екенін айтып, Шонжыны Әлмерек, ал ауданның атын Қарадала деп қоюды ұсынды. Одан да еш нәтиже болмады. Жақында Ақтамдағы мектепте болған келеңсіз жағдайда да облыстан келген комиссия бірнеше адамды жұмыстан босатумен ғана шектелді. Мұндай оқиға тағы қайталанбайтындай және одан өзгелер үлкен сабақ алатындай нәтиже болу үшін кінәлі мұғалімнің үстінен іс қозғалу керек еді. Ол да жасалмады. Енді міне Шонжы мен Бахар жастары арасындағы жағдай мәселенің қаншалықты күрделене түскенін тағы да дәлелдеді. Оны облыс әкімімен болған кездесуде жастар ашық айтты. Жиын барысында онды аймақ басшыс Амандық баталов өзі де мойындап, бұл мәселені енді мемлекет басшысы мен Елбасына жеткізіп, нәтиже шығаруға күш салатынын жеткізді. Әрине үміт зор, бірақ мәселе тек аудан мен ауыл атын өзгертуге ғана тіреліп тұр деуге болмайды. Одан кейін бәрі шешіліп кетеді дегенге ешкім кепілдік бере алмайды», дегенді айтты. Шынында да қазіргі таңда да мұнда ұлтаралық қақтығыс қайта өршіп кетпеу үшін сырттан әкелінген арнайы жасақ қызметкерлері әлі толық кете қоймаған көрінеді.

Аудандағы ахуал атауларды өзгертумен ғана шешілмейді

Тарихқа көз жүгіртсек қазақ атауымен аталатын елдімекендер мен жер-су атаулары шетелдегі қазақ диаспорасы тұратын бірқатар елдерде бар екен. Бірақ олардың ешқайсысында ондағы қазақтар мемлекеттің заңына қайшы бірде-бір сепаратистік әрекетке барған жоқ. Қайта ауасын жұтып, суын ішкен ел мен жерге деген отаншылдық сезімін сөзімен де, ісімен де дәлелдеп, сол мемлекеттің ең бір үлгілі азаматтары ретінде көпшіліктің ықыласына бөленді. Ал Қазақстандағы кейбір этнос өкілдері тарапынан көрініс тауып жүрген дау-дамай негізінен заң үстемдігіне деген халықтың сенімінің барлық жерде бірдей біркелкі бола бермейтінін көрсетуде. Былтырғы Қордайда қазақтар мен дүнгендер арасында шиеленісті жағдай да бұл кикілжіңнің де тамыры тым тереңде жатқанын дәлелдеді. Ал одан билік органдары қандай сабақ алғанын әзірге ешкім білмейді. Білмек тұрмақ кімнің не істеп жатқанынан да хабарсыз. Оны Ұйғыр ауданындағы келеңсіз жағдайды жұртшылықпен ашық талқылау үшін арнайы келген облыс әкмінің сапарынан да аңғаруға болады. Өйткені бұл туралы облыс әкмімдігінің сайтында да, аудан әкімдігінің сайтында да ешқандай ресми мәлімет жариялаған жоқ. Болған жағдайға қатысыт көңілі алаңдап, ресми ақпаратқа құлақ түріп, көз тіккен барлық ел еріксіз әлеуметтік желілердегі хабарламаларды қанағат тұтты. Тіпті онда кейбір фейк аккаунтардың отқа май құйып, жағдайды шиеленсітре түсуді көздеген хабарламалары мен аудиобейнежазбалары тарай бастаған кезде де әкімдік ғана емес, өзге де құзырлы органдар тарапынан түсініктеме беріп, мәлімдеме таратқан жан болған жоқ.

Халықты адастырушылар кім?

Кейбір жалған аңыз-әңгімелерді ел арасына әдейі таратып, тарихты бұрмалауға тырысушылар ешкімнен аяқ тартпай, аңқау елге арамза молдалық жасауын қояр емес. Осы арада соның кейбіріне арнайы тоқтала кеткен жөн сияқты. Сонымен ұйғырларға қатысты бірінші миф – «Біздің аталармыз қоныс аударған кезде бұл жер бос жатқан. Қазақтар егіншілікпен айналыспаған, малдың соңынан ары-бері көшіп-қонып жүре берген» деген әңгіме. Алайда ешқайсысы ешбір елдімекенде өзінің бұрынғы ата-бабасының бірде-бір моласын көрсетіп бере алмайды, керісінше әрбір қазақ қай атасы қай жерде жатқанын жатқа біледі. Яғни ұйғыр ауданы байырғы ұйғыр мемлекетінің бір бөлшегі деген әңгіменің еш негізі жоқ.

Екіншісі Ұйғыр ауданы Кеңес Одағы дәуірінде Қытайға қыр көрсету үшін ашылған екен. Енді Қазақстан да осы саясатты жалғастырып отыр деген миф. ШҰАР-дағы қалың ұйғырдың өзін, ашса алақаныда, жұмса жұдырығында ұстап отырған Қытай Қазақстандағы бір ауданның атына қарап, айылын жияды деу күлкілі нәрсе.

Үшіншісі, қай ұлт пен этнос өкілдері басым болса, ол жердің бірінші басшысы солардан тағайындалу керек екен деген миф. Бұл да ешбір заңда жазылмаған, тек қисынға сүйегніп айтыла салған бос әңгіме. Өкінішке орай Ұйғыр ауданында әрдайым әкімдер ұйғырдан тағайындалып келе жатқандықтан бұған сенетіндер өте көп. Көп жылдар бойы сірескен бұл тоңды жібіту, оған өзгеріс енгізу облыс әкімінің құзырындағы шаруа болған соң, бұл жайдың анық-қанығын таратып айтып беруді өздеріне қалдырайық.

Төртінші миф жер-су атауларына қатысты. Ол тек тәуелсіздік жылдарында ғана емес, кеңестік дәуірде де белгілі бір деңгейде жүргізіліп келді. «Назугум үңгірі» туралы аңыз соның дәлелі. Сол сияқты тағы бір аңыз Кетпен тауының етегіндегі Кетпен ауылының атауныа қатысты айтылып жүр. Олар басқыншылардың бір жорығы кезінде егінші ұйғырлар тауға барып тығылған екен. Жаулаушылар иесіз қалған үй-жайды тонап, кетіп бара жатқанда топырыққа көміліп жатқан кетпенді кездейсоқ тауып алыпты. Сол уақыттан бері бұл жердің атауы Кетпен аталып кеткен көрінеді дегенід санаға сіңіруге тырысуда. Ал Шонжыдан 25 шақырым жердегі Ават ауылының байырғы атауы Баянқазақ екенін бүгінде біреу білсе, біреу білмейді. Оны да кім, қалай не үшін Аватқа айналдырғанын мұрағатты ақтарған адам оңай анықтай алады. Сол сияқты кейбір ағайындар аудандағы Ардолайты, Бахар, Дардамты, Долайты, Қалжат, кіші Дихан, Ташқарасу, Тегермен, үлкен Дихан, Шарын, Шошанай, Шонжы, Шырын сияқты елдімекендердің атын ұйғырлармен байланыстырып жүр. Кейбірінің көне түркі, енді бірінің араб, моңғол тілдерімен мағыналық туыстығы барын білсе де, білмеген кейпі танытып жүргендер зерттеуге келгенде әлі күнге дейін кежегесі кейін тартатын сияқты.

Бесінші, ұйғырстан туралы миф. Мемлекет қаржысына газет-журналдарын, түрлі баспа материалдарын шығарып, мектебін, театрын ашып беріп отырған елде отырып, Ұйғырстанды жаңғырту туралы үгіт-насихат жүргізіп жүргендердің іс-әрекеті адамшылыққа ғана емес, заңға да томпақ іс екенін түсінбейтіндерге айтылған сөз құмға құйған су сияқты. Өзінің жоғын өзгенің есебінен толықтыруға тырысушыларды бақылауда ұстамаса, мемлекеттер арысына от жағып, соғыс отын тұтандыруы да әбден мүмкін. Құдай да сақтанғанды сақтайды дегендей, ұлтараздықты тудырушы кез-келген адам өз іс-әрекеті үшін қатаң жазаланбай, Мәңгліік елге айналу мұратына жету Қазақстанның болашағына әрдайым қатер төндіретіні күмәнсіз.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ «Заң газеті»

Трендтегі “Шайн мускат“ жүзіміне қатысты тексеріс нәтижесі белгілі болды

Ауыл шаруашылығы министрлігі желіде трендке айналған "Шайн мускат" жүзімінде ағзаға зиянды зиянкес табылмағанын мәлімдеді.

Қай облыстарда жаңа су қоймалары салынады?

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов "Жедел желі" бағдарламасы қай облыстарда жаңа су қоймалары салынатынын айтты.

21 қарашада ауа райы қандай болады?

Қазақстан бойынша 21 қарашаға арналған ауа райы болжамы белгілі болды.

Тоқаев пен Орбан бірлескен мәлімдеме жасады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің алдында бірлескен мәлімдеме жасады.

Ауылдық жерде жұмыс істейтіндерге қандай жеңілдік бар?

Қазақстанда ауылдық жерлерде жұмыс істейтіндерге белгілі бір жеңілдіктер беріледі.