Science News: Соңғы үш жыл – тарихтағы ең ыстық кезең

Соңғы үш жыл – 2023, 2024 және 2025 жылдар – аспаптық бақылаулар басталғалы бері ең ыстық кезең ретінде тіркелді. Бұл туралы Science News журналы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алғаш рет осы үш жыл қатарынан Жердің орташа жаһандық температурасы индустрияға дейінгі деңгейден 1,5 градус Цельсий шегінен тұрақты түрде асып түсті.

Ғалымдардың мәліметінше, бұл көрсеткіш экожүйелерге, адам денсаулығына және экстремалды ауа райы құбылыстарының жиілеуіне айтарлықтай әсер етеді. ECMWF Климаттық зерттеулер орталығының стратегиялық жетекшісі Саманта Бургесс 1,5 градус «өткір шекара» болмаса да, температураның әрбір қосымша өсуі климаттық тәуекелдерді күшейтетінін атап өтті.

2025 жылы орташа жаһандық температура индустрияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 1,47 градусқа жоғары болды. Бұл оны тарихтағы үшінші ең ыстық жыл етті. Ал рекорд 1,6 градус көрсеткішімен 2024 жылға тиесілі, 2023 жыл екінші орында тұр.

Климатологтардың айтуынша, жылынудың негізгі себебі – атмосферада парниктік газдардың, әсіресе қазба отындарын жағу салдарынан, шектен тыс жиналуы. Бұл үрдіс экстремалды ыстық, құрғақшылық, су тасқыны сияқты құбылыстардың жиілігі мен қарқындылығын арттырып отыр.

Сарапшылар 2026 жылға нақты болжам жасау әлі ерте екенін айтқанымен, жалпы үрдіс алаңдатарлық күйде қалуда. ECMWF бағалауынша, алдағы бес жылдың кем дегенде біреуінің 2024 жылғы температура рекордынан асып кету ықтималдығы шамамен 80 пайызды құрайды.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.