Саяси уәде орындалды — Ерлан Қарин

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Amanat партиясының съезіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Amanat партиясының біріккен съезі өтіп, оған Adal партиясының қосылуы бекітілді. Мұның жалғасы билеуші ​​партияның сайлау базасының кеңеюі және реформалар бағыты төңірегінде одан әрі қоғамдық бірігу болады. Жалпы, бұл шара наурызда басталған Amanat партиясы трансформациясының логикасына сәйкес келеді.

Сөсіз, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығын тоқтатып, Amanat партиясынан шығу туралы шешімі үлкен жаңалық болды. Сонымен қатар, Amanat бұрынғысынша президенттік реформалар бағытын жақтаушыларды шоғырландыратын ядро болып қала береді», — деп жазды Мемлекеттік хатшы Telegram-арнасында.

Қарин Мемлекет басшысы қаңтарда партия төрағасы қызметіне кіріскен кезде бұл қызметті уақытша, жылдың аяғына дейін қабылдайтынын мәлімдегенін еске салды.

«Саяси уәде орындалды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы наурыздағы Жолдауында ел Президенті өз өкілетін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияның мүшесі болмауы керек деген норманы Конституцияға бекітуді ұсынды. Осылайша, Президент Конституцияға өзгерістер енгізуді күтпей-ақ, өзі бастаған саяси реформаларды іс жүзінде жүзеге асыруға кірісті», — деп түйіндеді сөзін Қарин.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясынан шыққанын мәлімдеген болатын. Партияның төрағасы болып Ерлан Қошанов сайланды.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда Amanat партиясының кезектен тыс съезі өтті. Жиынға әр өңірден келген делегаттар қатысты.

Обещали вернуть деньги: в ЗКО представители ОО «Жария» написали заявление на свое руководство

В Западно-Казахстанской области полиция начала проверку по факту мошенничества...

№68 мекемесінде автокөліктердің құжаттары тексерілді

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Абай облысындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және...

В учреждении минимальной безопасности области Абай проведены пожарно-тактические учения

В целях предупреждения чрезвычайных ситуаций, обеспечения пожарной безопасности и...

Мемлекеттік тілдің мерейін үстем ету – баршамыздың міндетіміз

Сот төрелігі – қоғамдағы әділдіктің өлшемі. Ал әділ сот...