Саябақтағы мүліктерді сындырған үш жасөспірімнің әрекеті бейнекамераға түскен

Түркістан қалалық Полиция басқармасына «Жасыл Түркістан» мекемесінің қызметкерінен, белгісіз біреулер саябақтағы 1 дана қоқыс жәшігі мен 3 орындықты сындырып кеткені жайлы шағым келіп түсті.

Ақпарат алысымен полицейлер шұғыл әрекет етті. Бірінші кезекте кінәлілерді анықтау үшін учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды. Жедел-іздестіру шаралары атқарылды. Жан-жақты сұрастырылып, бейнебақылау камералары жіті тексерілді. Соның нәтижесінде саябақта теріс әрекет жасағандардың әрекеті жазылған бейнежазба анықталды. Осылайша жас жігіттер тұрғылықты мекенжайларынан анықталды. Олар бір-бірімен көрші тұратын, жасөспірімдер болып шықты. Анықталғандай, құқық бұзушы үш жасөспірім таңғы 04:55 шамасында қыдырып жүріп, қызық үшін өрескел әрекетке барған. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабымен «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Әрбіріміз қаламыздың тазалығына, әдемілігіне жанашырлық танытып, аулалар алдындағы демалатын орындықтар, көшелерге қойылған қоқыс жәшіктерін сындыруға жол бермеуіміз керек. Сіздің ойланбай жасаған теріс әрекетіңіз үшін қылмыстық жауапкершілік барын естен шығармаңыз. Сондай-ақ темекі тұқылын, пісте қалдықтарын бейберекет шашпау қажет. Көше тазалығына жауапты азаматтардың да жұмысын бағалаңыз!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...