12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сауран ауданында 5 сотталғанға ескерту берілді

Тексеру шарасы барысында Сауран аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 5 сотталған тарапынан құқық бұзушылық анықталды.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменте қарасты Сауран аудандық пробация көлемінде «Пробациялық бақылау» атты жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Шара барысында пробация қызметкерлері 20 сотталғанның үйін және жұмыс орны бойынша тексерді.
Аталған шараның басты мақсаты — пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу мақсатында олардың тұрғылықты мекен-жайына барып тексеру жүргізіп, кеңес өткізеді.
Пробация қызметі есебіндегі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталғандар тарапынан жасалынатын қайталама қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша түнгі уақыттарда тексеріп, профилактикалық әңгімелер жүргізді. Аталған рейдттік шара барысында 3 сотталған жаза өтеу талаптарын бұзғаны анықталып, иескерту беріліп, кері қайтару жаза мерзімін ұзарту бойынша іс сотқа жолданды. Ал, бір сотталған көрсетілген мекен-жайында тіркеусіз тұрып жатқаны анықталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 492-бабының 2 бөлігі бойынша айппұл салынды. Тағы бір сотталған тексеру барысында үйінде болмағаны үшін ескерту берілді.

Есепте тұрған сотталғандарға рейдттік шара жүргізіліп жатқаны да ескертіледі. Кейбір сотталған азаматтар өздеріне сот жүрктеген міндетке салғырттық танытады. Осындай салғырттықтың салдары жазасының өтелмеген бөлігін абақтыда өтейтінін ескермейтіні өкінішті. Ал, жұмыс уақтысынан кейін тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріп, отбасындағы туыстарымен сөйлесіп, түсіндірме жұмыс жүргізілді. Біз полицияның учаскелік инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды тексеруге жиі шығамыз. Күшейтілген қызмет барысында қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға және қылмыстық құқықтық жауапкершіліктің өзге шараларына сотталғандар тарапынан қылмысты қайталануының, қоғамдық тәртіпті бұзушылықтың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау мақсатында АПБ қызметкерлерімен бірлесіп тұрғылықты мекен-жайы, жұмыс немесе оқу орындары бойынша тексеріліп, әрбір сотталғандармен жеке тәлім-тәрбиелік мәні бар профилактикалық жұмыстары жүргізілуде. Егер сотты болған азамат тұрғылықты мекен-жайында болмаса онда ол адамға акты толтырылып ескерту беріледі. Екі рет ескерту алған адамға, үшіншіде ескерту қарастырылмайды. Сөйтіп, аудандық пробация қызметі бөліміне шақыртылады. Сотталушы азаматтан үйінде болмауының себебін анықтап, жазбаша түрде түсініктеме алынады. Егер оның берген жауабы өзінің әрекетіне сәйкес келмесе, я болмаса пробациялық бақылаудан жалтарып, сот жүктеген міндеттерді орындамағаны анықталса жазбаша түрде «Ескерту» жарияланады. Ал, ескерту бар болса онда ҚР ҚК-нің 44-бабы 3 бөлімі негізінде бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жасасына ауыстыруға сотқа жолданады. Ал, жазаны сот тағайындайды, — деді Сауран аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Қайсарбек Серманов.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской организован творческий вечер

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Жеке құраммен түсіндіру-профилактикалық кездесу өтті

2025 жылғы 8 шілдеде №2 түзеу мекемесінде мекеме басшылығының...

Семейде сотталғандар өз қолдарымен Бәйтерек макетін жасады

Бәйтерек-Қазақстан астанасының басты символы. Мәселен, осы Астана күнің мерекелеу...

Состоялась торжественная церемония бракосочетания между осуждённым

В учреждении №64 Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел...

Осуждённым разъяснены положения амнистии

В подведомственных учреждениях Департамента по уголовно-исполнительной системе по городу...