12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

САРЫСУЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР САУАПТЫ ІС ЖАСАУДА

«Түсі игіден түңілме» деген жақсы сөз бар қазақта.
Жақында ғана аудандық полиция бөліміне басшы болып келсе де Асхат Алметов жайлы оң пікірде қалыптасып үлгерді.
Жас та болса бас болып, полиция саласында жаңашылдықты қалыптастыра отырып, аудандықтар өмірімен етене танысуда.
Күнделікті алдына келген азаматтарды қабылдап, ұсыныс-пікірлеріне құлақ асады.
Тікелей эфир барысында жұмыс нөмірімен қоса, өз жеке ұялы байланыс нөмірін айтуы да азаматтың іскерлігін көрсетеді.
Міне, бүгінде сол полиция қызметкерлері игі істердің ұйтқысына айналуда.
Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің, – дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық – ізгілікті, таза ниетті, адамгершілік қарым-қатынасты көрсететін, адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.
Қазіргі таңда тәртіп сақшылары арасында түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар қатары көбейіп келеді.
#Бізбіргеміз акциясы аясында Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Алметов Ақтоғай ауылының тұрғындары көмекке зәру отбасына барып қал-жағдайын сұрап, азық-түлік пакетін берді. Көмекті қажет ететін ағайындылардың екеуі де 2-ші топтағы мүгедек жандар. Қариялардың жарықсыз отырғанын байқаған Асхат Алметов қашаннан бері төлем жасалмағаннан қиып кеткен үйдің жарығын қалпына келтіріп, жарық есептегіш орнатып берді. Сондай-ақ, қыста жылы болу үшін бірнеше тонна көмірмен қамтамасыз етті. Одан бөлек, әлеуметтік көмек алуға олардың құжаттарын заңдастырып беруге уәде етті.
Жаңа басшының қайырымды ісіне дән риза болған ақсақалдар қиын қыстау кезінде қол ұшын созған А.Алметов бастаған аудандық полиция бөліміне зор алғыстарын білдіріп, ақ батасын берді.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...