12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сарапшылар сүт пен сүт өнімдеріне қатысты танымал мифтерді жоққа шығарды

• Ересек адамдардың ағзасына сүт және қышқыл сүт өнімдері зиян келтіре ме?

• Супермаркет сөрелеріндегі сүт неге ұзақ уақыт бұзылмайды?

• Масс-маркеттерде таза сүт өнімдерінің қалмағаны қаншалықты рас?

6 ақпан 2020 ж., Алматы қаласы. Диетология, педиатрия және сүт өндірісінің сарапшылары әлеуметтік желілерде қазақстандық қолданушылар арасында кеңінен талқыланған сүт пен қышқыл сүт өнімдеріне қатысты болжамдарға жауап берді.

Қазіргі таңда Қазақстан халқының арасында күнделікті тағам рационынан сүт өнімдерін алып тастау секілді пікірлер орын алып барады. Оның тағам құрамында өзге заттар болуы жайлы болжамдардан бастап, ересек адамдардың ағзасында сүттің сіңірілмейтіні туралы қауесеттің таралуы секілді әр түрлі себептері бар.

Евгения Соколовская, ресейлік дәрігер-диетолог, педиатр, И.И.Мечников атындағы институтының сертификаты бар балалар диетологы сүт өнімдерінің ересек адамдардың ағзасына зиян екендігін жоққа шығарады:

«Сүт өнімдерінің әр түрлі жастағы адамдарға маңызы зор. Сүт өнімдерін тұтынудан бас тарту остеопороз ауруының пайда болуына жол береді. Тіпті, ағазаның лактоза мен сүт қантын қабылдамайтын жағдайында да дәрігерлер таза қышқыл сүтті тағамдарға, мысалы, йогуртқа алмастыруға кеңес береді. Бұл ағзаның қажетті мөлшерде ақуыз бен кальцийдің сіңіруіне өте қажет»

Сондай-ақ, көпшілік арасында ұзақ мерзімге жарамды сүт пайдасы жайлы күмәнді пікірлер кеңінен таралып келеді. Сарапшының айтуы бойынша, заманауи зауыттарда жоғары деңгейдегі асептика мен өндіріс талаптары орындалған кезде ғана шығарылған сүт пайдалы қасиеттерін сақтай келе, дүкен сөрелерінде 2 аптаға дейінгі мерзімге жарамды болады.

«Ұзақ мерзімге (алты айға дейінгі) жарамды сүт — ультрапастерленген сүт. Ол термо өңдеу мен қаптама арқасында ұзақ сақталады. Бұл сүт өңдеудегі заманауи әрі құнтты тәсіл. Сүтті 135-137 °C ысытып, бірден 4-5 °C салқындатады. Сол кезде бактериялар жойылады, бірақ 2-4 секундтық өңдеудің арқасында сүттің пайдалы қасиеттері (ақуыз, көмірсулар, кальций) сақталады»

Қазақстан Сүт Одағының оңтүстік аймағы бойынша ресми өкілі мен сарапшы топтың мүшесі Дінмұхамед Айсаутов қазақстандық тұтынушыларға сапасы күмән келтіретін базарлар мен дүңгіршектерде сатылатын жеке қожалықтардың сүтін пайдалану қауіпті екендігін ескертеді:

«Супермаркет сөрелеріндегі сүт өнімдері шикізат сапасы мемлекеттік мен ішкі қадағалау мекемелерінің бақылауынан өткен жеке шаруа қожалықтарынан алынған зауыт-фабрикалардан жеткізіледі. Жеке қожалықтардан алынатын сүт құрамында кездесіп қалатын патогенді бактериялар жоғары стандартты және азық-түлік қауіпсіздігі сақталған ірі сүт өндіруші мекемелерінен алынатын сүтте болмайды. Базар мен дүңгіршектерде сатылатын сүт өнімдерінде адам өміріне қауіпті, құрамында денсаулыққа кері әсерін тигізетін патогенді микрофлора және антибиотиктер кездесуі мүмкін».

Сүт өнімдерінде, әсіресе йогурттарда кездесетін пайдалы бактериялар жайлы қышқыл сүт өнімдерін шығаратын Danone компаниясының Қазақстан мен Ресей елдеріндегі сыртқы байланыс пен корпоративті қатынастар менедежері Анна Жаравина былай деді:

«Тек өндірістік жағдайда ғана барлық пайдалы қасиеттерін сақтайтын, таза йогурт өнімін алуға болады. Danone компаниясының қоржынында Activia мен Actimel секілді пробиотикалық қышқыл сүт өнімдері бар. Олардың адам ағзасына оңтайлы әсері мен пайдасы жайлы көптеген клиникалық сараптамалар жүргізіліп, дәлелденген»

Сүт пен қышқыл сүт өнімдеріне қатысты осы және өзге мәселелер проекта «Danone-мен таңғы ас» жобасы аясында талқыланды. Danone-мен таңғы ас – сүт өнімдері нарығындағы жаңалықтар мен ақпараттарды бөлісу мен талқылау мақсатында БАҚ пен блогерлер қауымына арналған, әрдайым ұйымдастырылатын жоба. Ірі сүт өндіруші ұйым ретінде Danone өзінің сараптамалары мен жаңа ақпараттарымен бөлісуге дайын.

Ақпараттық анықтама:

Danone – әлем бойынша қышқыл сүт өндірісінің көшбасшысы және пайдалы тағамдар өндірушілерінің бірі саналатын глобалды компания. Әлем бойынша бес құрлықтың 120 елінде орналасқан Danonе бөлімдерінде 100 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Danone басты қағидасы – «Тағам арқылы неғұрлым көп адамзат баласына денсаулық сыйлау»

Қазақстанда Danone компаниясы 44 сүт өнімін шығарады. Оның ішінде Danone, «Activia», «Растишка», «Bio Баланс» т.б. сауда белгілері бар. Ресей мен ТМД елдеріндегі компанияның сауда айналымы 100 млрд рубльден асады.

Қазақстанда өндірілетін сүт өнімдері Кавказ бен Орта Азия елдерінде ұсынылған

Закон есть, а контроля нет

Депутат фракции «AMANAT» Нартай Сарсенгалиев направил на имя Премьер-Министра...

Принятие эпохального закона 

Фото из книги Салыка Зиманова «Конституция и Парламент РК», издательство «Жеті жарғы», 1996 год

Цена экономической независимости

Предлагаем вниманию читателей продолжение интервью с доктором экономических наук,...

 Уважаемые читатели и коллеги! 

От имени Союза судей Республики Казахстан поздравляю вас с...

Опасные игры

Медики говорят, что болезнь легче предупредить, нежели лечить. Так...