Сарапшылар пікірінше Қазақстандағы мобильді интернет талаптарға сай

Қазақстандағы мобильді интернеттің орташа жылдамдығы жоғары жылдамдықты қосылудың барлық мүмкіндіктерін пайдалануға жол береді. Зерттеушілер осындай қорытындыға келді деп жазады Orda.kz

Дереккөз ақпараттарға сәйкес, серфинг, әлеуметтік желілер мен онлайн ойындар үшін 2 Мбит/с жеткілікті. Бейнеконференция және SD бейне үшін жылдамдық 3 Мбит/с төмен болмауы керек, ал HD-сапалы бейне үшін пайдаланушыға кемінде 5 Мбит/с жылдамдық қажет болады. Full HD үшін Интернет тұрақты 8 Мбит/с жылдамдығын сақтауы керек.

2022 жылдың қыркүйек айында Speedtest Global Index деректері бойынша Қазақстандағы мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 22,6 Мб/с-қа жетті, бұл 2021 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 14,5%-ға жоғары көрсеткіш.

Саясаткер, қоғам қайраткері және блогер Санжар Боқаев Speedtest қосымшасының көмегімен мобильді интернет жылдамдығын зерттеу барысында Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған операторлардың желі жылдамдығы 5 Мбит/с пен 16 Мбит/с аралығында екенін анықтады.

Hootsuite мәліметтері бойынша 14 миллионға жуық қазақстандық әлеуметтік желілерді белсенді түрде пайдаланады Өткен жылы Internet Accessibility Index жаһандық рейтингі Қазақстанды әлемдегі ең арзан интернеті бар ТОП-5 елдерінің қатарына қосты.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...