Сарапшылар: Қазақстанда алдағы уақытта тұрғын үй бағасы өседі

Доллар бағамының өсуіне байланысты Қазақстан тұрғын үй қымбаттауы мүмкін. Баға өсімі жаңадан салынған үйлерді айналып өтпесі анық. Себебі құрылысқа арналған материалдардың басым бөлігі шетелден алынады. Ал қазір нарық доллар бағамының тұрақтауын күтуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.

Сарапшылар теңге бағамының әлсіреуі шаршы метрдің қымбаттауына әкеп соғатынын айтады. Бастапқыда бағаны ұстап қалуға мүмкіндік бар дейді. Алайда уақыт өте үй құны өсе түспек. Шаршы метрдің қымбаттауына теңге бағамы ғана емес, инфляция мен сұраныстың артуы сынды түрлі факторлар әсер етеді. 

«Бұл алдағы бірнеше аптада тұрғын үй сату бойыншы келісім жасалмайтынын білдіреді. Сондықтан алдағы уақытқа болжам жасау үшін әлемдік ахуалды, жағдайды тұрақтандыру үшін үкіметтің қабылдайтын шешімдерін бақылап, күту керек», — деді Қазақстан Риэлторлар ассоциациясы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко.

Баға өсімі екінші деңгейлі үйлерді де айналып өтпейді. Өткен жылы пәтер бағасы 17%-ға өскен. Ал жалға берілетін үйлердің құны теңге бағамына байланысты емес дейді сарапшылар. 

«Жалға берілетін үйлерге келсек, қазір жалға алатындарға қарағанда, жалға беретін адамдар саны көп. Сондықтан сұраныс аз, ал ұсыныстар өте көп», — дейді риэлтор Нұрлан Алыбаев. 

2021 жылдың желтоқсан айы бойынша елімізде 95 мың сатып алу келісімшарты жасалған. Ал қаңтар айында бұл көрсеткіш үш есе төмен болған. 

Мамандар жылжымайтын мүлік нарығына қорқудың қажеті жоқ дейді. Себебі нарық түрлі факторлар әсерінен емес, сұраныс негізінде қалыптасуға икемделген.

Айта кетейік, 28 ақпанда теңге бағамы рекорд жаңартып, 1 долларға шаққанда 495 теңгеге жеткен еді. 

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Великая история как драйвер экономики 

ВЕРНУВШИСЬ ИЗ КИТАЙСКОЙ ДУХОВНОЙ СТОЛИЦЫ – ДРЕВНЕГО ГОРОДА СИАНЬ,...

Ценности, приоритеты, вызовы

Конституционная реформа в Казахстане стала важным этапом модернизации государственного управления и укрепления принципов демократического правового государства. Как известно, с 1 июля 2026 года в нашей стране вступает в законную силу новая Конституция. В этой связи в Казахском национальном университете им. аль-Фараби 2 июля состоится Международная научно-практическая конференция на тему: «Новая Конституция Республики Казахстан: новые ценности, новые вызовы, ответственность перед будущими поколениями».

Школа патриотизма

ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПОСЕТИЛ XII МЕЖДУНАРОДНЫЙ ВОЕННО-ПАТРИОТИЧЕСКИЙ СБОР МОЛОДЕЖИ «АЙБЫН», ПРОХОДИВШИЙ В ЩУЧИНСКЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ. В ПРОГРАММЕ МЕРОПРИЯТИЯ – ВОЕННО-СПОРТИВНЫЕ, ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЕ, ТВОРЧЕСКИЕ И ВОЕННО-ПРИКЛАДНЫЕ СОРЕВНОВАНИЯ.

Укрепление партнерских отношений

В Алматы в стенах Казахской академии спорта и туризма...