Сарапшы санатын алу үшін қандай ұстаздар тест тапсырмайды?

Мұғалімдер арасында сарапшы санатын алуға қатысты тағы дау шығып жатыр. Еңбек өтілі 40 жылдан асқан педагогтың айтуынша, мектеп әкімшілігі сарапшы санатын алу үшін тест тапсыруға міндеттеп жатыр. Massaget.kz тілшісі бұл мәселеге қатысты Оқу-ағарту министрлігіне сауал жолдады. 

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Педагогтарды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығының 54-тармағына сәйкес 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтардың біліктілік санатын растауда тест тапсыру талап етілмейді.

«Бұған байланысты педагог-сарапшы біліктілік санаты бар педагог тестілеуден өтпейді, ал біліктілік санатты алу кезінде міндетті түрде тестілеуден өту керегін хабарлаймыз», – делінген жауапта. 

Қазақстандықтар қаржысын қаншалықты сауатты басқарады? 

Ұлттық Банктің 2025 жылғы қорытындылары бойынша келтірген дерегіне сәйкес, қаржылық сауаттылықтың жиынтық индексі 42 пайызды құрады.

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды 

Елімізде жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды.

Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды 

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді. Мемлекет басшысы ұжымға жаңа Қорғаныс министрін таныстырды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.