12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сапалы білім-қоғам дамуының негізі

Сапалы білім – бүгінгі күннің ең өзекті тақырыптарының бірі. Жаһандану үрдісі күшейген сайын білімнің маңыздылығы арта түсуде. Білім беру жүйесінің сапасын жақсарту – қоғамның тұрақты дамуы мен болашағын қамтамасыз етудің басты жолы.БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму мақсаттары» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму.Тұрақты даму мақсаттары  концепциясының 4 бөлімі –«сапалы  білім» екен алға тартқым келеді. Сапалы білім – қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың өмір сүру деңгейін арттырудың негізгі факторы. Бұл мақсатқа жету үшін білім беру жүйесін үнемі жетілдіру, заманауи талаптарға сай өзгерістер енгізу және оқушылардың қажеттіліктеріне бағытталған оқыту жүйесін қалыптастыру қажет. Сапалы білім – әрбір азаматтың болашағының негізі, ал болашағы жарқын ұлттың кепілі.

Қазіргі уақытта білім саласы бәсекеге қабілеттіліктің өлшеміне айналып отыр. Әлемдегі көшбасшы елдер ең алдымен білім мен ғылымды дамытуға күш салып, зор жетістіктерге жетуде. Осы орайда елдің өркендеуіне үлесін қосып жатқан университеттер қатарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бар.Қара шаңырақ сапалы білім беріп,сапалы мамандар дайындауды басты назарға алды. Университетіміз сапалы білім беру кезінде оқытудың жаңа әдістерін қолдануда,оқыту процесі интерактивті, қызықты және қолжетімді болуын қамтасыз етуде. Сапалы білім тек теорияны үйретіп қана қоймай, оны нақты өмірде қолдануға бағытталған практикалық дағдыларды да қалыптастырады.Оқытушылар студенттерге білімді тәжірибеде қалай қолдануға болатынын көрсетіп,мықты маман болуға күш салуда.

       Сапалы білім беру – қазіргі заманның ең маңызды мәселелерінің бірі. Әлемдегі экономикалық, ғылыми және әлеуметтік өзгерістердің қарқыны білімнің рөлін ерекше етіп көрсетеді. Бүгінгі күні білім беру жүйесі жеке тұлғаның әлеуетін ашу, қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маңызды құрал. Қазақстанның болашағы білікті мамандарды дайындау, сапалы білім беру жүйесін құру және жастардың толыққанды дамуына жағдай жасау арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл үшін білім беру саласын үнемі жетілдіріп, оқытудың заманауи әдістерін енгізу қажет. Сапалы білім – елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізі.

Бисенова М.Қ

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық

іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к

Мемлекеттік тіл менің тілім

Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол –...

Голливудский продюсер Джефф Ольм репостнул ролик ко Дню государственных символов РК

Легендарный мастер визуальных эффектов, участвовавший в создании «Титаника», «Властелина...

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – БІРЛЕСІП ІСКЕ

Бүгінгі қоғамда мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі мен әділеттілігіне қойылатын...

Волонтёры Алматы провели субботник в рамках акции «Таза Қазақстан»

В Алматы прошёл масштабный субботник, организованный в рамках республиканской...

Алматы волонтерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізді

Алматыда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік...