Сапалы білім – қауіпсіз ортадан басталады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларында сапалы білім беру, балалардың қауіпсіздігі мен адам капиталын дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдықтарының бірі екенін бірнеше рет атап өтті. Білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықсыз, қолдаушы және құқықтық мәдениеті жоғары орта қалыптастыру – Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің де, ел болашағын тәрбиелеудің де маңызды шарты.

Осы бағытта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң

факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы Тұрақты даму мақсаты  «Сапалы білім» аясында ағартушылық және волонтерлік сипаттағы жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Соның жарқын үлгісі ретінде 2025 жылғы 23 желтоқсанда Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы №206 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында мектеп оқушыларына арналған «Білім беру ұйымдарында қорқыту мен кибербуллингтің алдын алу» тақырыбындағы көшпелі дәрісті атап өтуге болады.

Іс-шараны кафедра оқытушысы з.ғ.к., С.Ш. Даубасов өткізді, №206 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясынның 10 «А» сыныбының 20 оқушысы мен ұжым басшылары, сынып жетекшісі қатысты. Дәрістің басты мақсаты – білім алушыларда буллинг пен кибербуллингке қатысты саналы әрі жауапты көзқарас қалыптастыру, агрессия мен зорлық-зомбылық көріністерін ерте тану, алдын алу және жанжалдарға бейбіт жолмен әрекет ету дағдыларын дамыту болды.

Іс-шара барысында: топтық тренингтер арқылы оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті, өзін-өзі бағалауы және эмоциялық тұрақтылығы дамытылды; жеке қолдау форматында сенімділік пен конструктивті өзара іс-қимылға мән берілді; кибергигиена элементтері арқылы жеке деректерді қорғау, желідегі қауіпсіз мінез-құлық және кибербуллингке қарсы әрекет ету жолдары түсіндірілді.

Бұл іс-шара ҚР Президентінің Жолдауында айтылған балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру міндеттерімен толық үндеседі. Білім алушылар тек теориялық ақпарат алып қана қоймай, өмірлік маңызы бар практикалық дағдыларды меңгерді.

Іс-шара нәтижесінде оқушылардың: өзара қарым-қатынас жасау дағдылары нығайды; жанжалдарды бейбіт жолмен шешу қабілеті артты; құқықтық және жауапты мінез-құлыққа деген көзқарасы қалыптасты.

Іс-шараны өткізу білім алушылардың білім беру ортасында қауіпсіз, құқықтық және жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру арқылы ТДМ 4 -«Сапалы білім беру» мақсатын іске асыруға ықпал етті. Бұл үлес The Impact Rankings рейтингінің көрсеткіштерінде көрсетіледі және университеттің азаматтық білім беруді ілгерілетуге және құқықтық тәртіпті нығайтуға белсенді қатысуын көрсетеді. Университет үшін дәріс әлеуметтік жауапты білім беру орталығы ретінде имиджді нығайту құралына айналды. Іс-шараға қатысу нәтижесінде білім алушылар өзара қарым-қатынас дағдыларын, өзін-өзі бағалау деңгейін және жанжалдарды бейбіт жолмен шешу қабілетін арттырды.

Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының з.ғ.к.,  аға оқытушысы Даубасов С.Ш.

ЖСДП мемлекеттік шығыстарды барынша ашық етуді ұсынды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов Астанада...

«Будучи в Парламенте, они долго блокировали прогрессивные налоги на роскошь или сверхприбыли – члены ОДСП высказались об Ак Жол

Руководитель Центрального аппарата Общенациональная социал-демократическая партия Максут Насибулов выступил...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЗЕҢ: ТАРИХШЫ МЕН ЗАҢГЕР КӨЗҚАРАСЫ

2026 жылғы 1 шілде – Қазақстанның конституциялық даму тарихындағы...

КОНСТИТУЦИЯ – ҰЛТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІЛІК ДӘСТҮРІНІҢ АЙНАСЫ

2026 жылғы 1 шілде Қазақстанның саяси-құқықтық тарихында жаңа кезеңнің...

РОЛЬ СУДА ПО ДЕЛАМ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИХ В ЗАЩИТЕ ПРАВ ДЕТЕЙ

Защита прав и законных интересов несовершеннолетних является одной из...