12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сандық технология және сот

Жаңа технологияны өз жұмысында тиімді қолданып, цифрландыру жүйесі арқылы жетістіктерге жеткен саланың бірі – сот. Сот саласы үшін сандық технология – жеделдікті арттырудың, ашықтықты қамтамасыз етудің, қағазбастылықтан арылудың, бюрократиялық қарым-қатынасты жоюдың мүмкіндігі. Осы мақсатта ең алғаш сот саласына енгізілген «Төрелік» жүйесі, сот органдарының интернет-порталы, «Сот кабинеті» сервисі – жаңа технологияның алғашқы жемісі. Бұл сервистер азаматтардың сот жүйесіне қолжетімділігін арттырып, уақыты мен қаражатын үнемдеуге, әуре-сарсаңын азайтуға айтарлықтай әсер етті.

Цифрлық технология дегенде 2014 жылдан бері құрылып, жүйелі ақпарат таратып келе жатқан қазақстандық сот органдарының бірыңғай интернет-алаңы sud.gov.kz. сайтын айтпай кетуге болмайды. Осы сайт арқылы тұрғындар сотқа байланысты кез келген ақпаратпен дер кезінде танысып, сот жұмысынан жан-жақты хабардар бола алады. Мұнда тек Жоғарғы Соттың ғана емес, республиканың барлық соттарының жаңалықтары, ерекше қаралған істер, республика деңгейінде өткізілген ауқымды шаралар туралы толыққанды мәліметтер ұсынылып келеді. Сайт оқырмандардан түсетін сұрақтарды да қабылдап, көпшіліктің ұсыныс-тілегіне де барынша ашық. Осы арқылы сот пен халық арасындағы байланыс нығайып, халықтың көкейіндегі сауалдарға үнемі жауап беріліп тұратынын айта кеткеніміз жөн.

Әсіресе, «Сот кабинеті» сервисі – халықтық жобаға айналды. Себебі барлық мүмкіндіктер ескеріле отырып дайындалған бұл сервис шын мәнінде соттарға қол жеткізудің бірыңғай терезесіне айналды. Осы сервистің көмегімен бүгінде тұрғындар үйден немесе кеңседен шықпай-ақ сотқа талап арыз, шағым, өтініш, пікір, қарсы талап арыз немесе өтініш секілді барлығы 100-ден астам электрондық құжат түрін бере алады. Сонымен бірге, мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеп, кәсіби медиаторды таңдауына, медиацияны электрондық түрде жүргізуге өтінім беруіне де мүмкіндік жасалған.

Қоғам алға ілгерілеген сайын сот саласы да бір орында тұрған жоқ. Сот кабинетінен басталып, онлайн сот отырыстарына жалғасқан цифрландыру үрдісі тәжірибеге соны жаңашылдықтар енгізуде. Мәселен қазір «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында электрондық сот залдары құрылған. Бұл ортадан судьялар мен тараптар  «цифрланған» дәлелдемелер және басқа да құжаттарды өзара алмасады. Мұндай жаңашылдық процессуалдық шығындарды азайтып, ақпаратты өңдеу жылдамдығын арттыруға, процестердің ұзақтығын қысқартуға ықпал етеді. Сондай-ақ, жасанды интеллект элементтерін енгізуде де сот саласы алда келеді. Айталық «Сот практикасының цифрлық аналитикасы» сервисінде миллиондаған сот актілерін бір сәтте талдауға болады. Бұдан бөлек, сот жүйесін роботтандыру бойынша да іргелі бастамалар қолға алынуда. Мұның барлығы сот жұмысын жеңілдетіп, сот актілерінің сапасын арттырарына күмән жоқ.

Н. Токтасынова,

Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман — сот отырысының хатшысы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...