12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сандық технология сыбайластыққа тосқауыл болады

Цифрлық технологияның дамуы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Президентіміз жыл сайынғы ел халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру- аса маңызды міндет екендігін атап көрсетеді. Бұл сыбайлас жемқорлықпен күресудің бірден бір жолы. 

Бүгінгі таңда алға қойып отырған міндет мен талап осындай. Олай болса, қоғам, оның әрбір мүшесі болып жемқорлықпен күресіп, ол дерттің қоғамда әрі қарай ушықпауына  жол бермеуі керек. Ақпараттық технологиялардың көмегімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін басқа да қадамдар жасалған. 

Мәселен, сот тәжірибесіне ең алдымен «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті» сервисі енгізілгені есімізде. Кейіннен «Электронды шақыру қағазы», «Сот құжаттарымен танысу», «SMS-хабарлама» сервисі, «Талдау» форумы секілді жаңа электрондық қосымшалар халық игілігіне ұсынылды. Бұдан бөлек, республикадағы барлық сот мәжіліс залдары толықтай дыбыс-бейне жазатын құрылғылармен қамтамасыз етіліп, сот отырыстары таспаға жазылатын болды. 

Мұның барлығы соттың жұмысын оңтайландыра түсті. Бұрын сот ғимаратына арнайы келіп, арыз-шағымын жазатын азаматтар енді онлайн режимде электронды түрде арыздарды, талап қоюларды беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндік алды. Әсіресе,  адвокаттар қауымы «Сот кабинеті» сервисінің тиімді, пайдалы екендігі жөнінде айтып келеді. Сервис уақытын қадірлейтін азаматтарға қолайлы жағдай туғызғаны шындық. 

Жаңа ақпараттық технологияны енгізудің тағы бір тиімділігі — арызданушы азаматтар мен сот қызметкерлерінің тікелей қарым-қатынасқа түсуіне жол берілмейді. Осы арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жағдай жасалған.

Бұған қоса, қателіктердің алдын алуға және қағазбастылықтан арылуға септігін тигізеді. Сотқа түскен іс-материалдарының судьяларға автоматты түрде бөлінуі де жаңа технология жемісі. Мұның барлығы сот жұмысына қатысты ашықтық пен сенімді арттырған болатын. Әсіресе, сот отырыс залдарының дыбыс-бейне жазу құрылғылармен жабдықталуы судьялардың жүктемесін азайтып қоймай, сотқа қатысты түсетін арыз-шағымдардың санын азайтуға да айтарлықтай ықпалын тигізді. 

Бұл да — ақпараттық технологияның жетістігі. Ең бастысы, жүйе ашықтығы қамтамасыз етілді. Сот төрелігінің басты мақсаты әділеттілікке қол жеткізу десек, бұл мәселеде замануи ақпараттық технологиялардың маңызы зор.

Алиякбаров Мұхит Қайырғалиұлы 

Жалағаш аудандық сотының бас маман- аға сот приставы

Праздник «Салбурын» прошел в Актобе

Более 100 спортсменов, среди которых беркутчи, мастера игры в...

Новый центр сервиса появится в Катон-Карагае в рамках программы «Ауыл Аманаты»

В Катон-Карагайском районе ВКО продолжается активная реализация важных проектов...

Объем валовой продукции животноводства в Казахстане достиг 3 трлн тенге

Объем произведенной продукции животноводства полностью обеспечивает потребности внутреннего рынка По...

Келер жылы елімізде тағы бір үлкен спорттық дода өтуі мүмкін

2026 жылы елімізде бокстан студенттер арасында әлем чемпионаты дүбірлі...

Тіл – темір қазығымыз

Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды,...