spot_img
spot_img

Сан түрлі алаяқтықтан сақтану жолдары айтылды

          Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеменің ерікті құрам қызметкерлеріне қоғамды дүрліктіріп тұрған  қылмыс-алаяқтықтан қалай қорғану және оның алдын алу бойынша дәріс өткізілді. 
           Дәріске Семей қаласының Затон Полиция Бөлімінің жергілікті полиции қызмет бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Рымгали Жибраев қатысып, алаяқтардың негізгі схемалары мен қала бойынша орын алған желілік алаяқтықтар туралы айтты. Сондай-ақ, алаяқтың тұзағына түспес үшін әр адам өзінің жеке бас деректеріне өте ұқыпты қарауы қажет екендігі ескертілді. Дәріске қатысқан мекеменің еркін жалдамалы қызметкерлері полиция өкілінен: алаяқтың бар – жоғын қалай тексеруге болады және виртуалды алаяқтың «қармағына» қалай түспеуге болады? деген сұраққа жеті түрлі жауап алды. Рымгали Жибраев, электронды хабарламалар, дүкенге алдын-ала төлем жасау, банк картасының бұғатталғаны туралы смс-хабарлама, әлеуметтік желідегі өнімді тапсыру, авиабилеттерді Интернет арқылы сатып алу, бағдарламаларды жүктеуге сілтемелер, әлеуметтік желілерде аккаунттар сияқты нысандарда өте мұқият болулары қажеттігін ескертті. Алаяқтардың құрбаны болған жағдайда, дереу 102 телефонына хабарласу қажеттілігі айтылды .
            «Бүгінгі дәрістің қызметкерлерге көп көмегі тигені белгілі. Көп қызметкерлердің үйлерінде егде жастағы ата-аналары бар, ол кісілер алаяқтардың бірінші жәбірленушілері екені қазір құпия емес»-деді мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.

Цифровое управление персоналом – прозрачность при найме сотрудников

Единая кадровая система государственного и квазигосударственного сектора в Казахстане,...

Бұзылған құқықтарды қорғау және қалпына келтіру

Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасы Мемлекеттік...

Алматы қаласы әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті

2025 жылғы 11 тамызда Алматы қаласы әдеп жөніндегі кеңесінің...

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау – басым бағыттардың бірі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша...

Защита прав государственных служащих – одно из приоритетных направлений

На Департамент Агентства РК по делам государственной службы по...