Самса ішінен флешка табылды

05.01.2023 жылы жергілікті уақытпен сағат 18 : 50 шамасында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 68 мекемесінде ( тергеу изоляторы) сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлері тыйым салынған заттың ішкі ғимаратқа өтіп кетпеуінің алдын кесіп, құқық бұзушылыққа жол бермеді.

Заңға қарсы іс- әрекетке бармақ болған Ә. Есімді азамат, мекеме қамауында отырған, ҚР ҚК- нің 188- бабы 3- бөлігі 1- тармағымен айыпталушыға сәлемдеме әкелген досы болып шықты. Мекеменің қырағы бақылаушылары әкелінген сәлем- сауқаттарды жіті қадағалау барысында, ыстық тағамының ішінен фольгаға оралған 1 дана флешканы жасырып қойғанын анықтады.

Анықталған факт бойынша бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБ- 481- бабының 1- бөлігі бойынша хаттама толтырып, ісін сотқа жолдады.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...