Самокаттар мен мопедтер: Алматыда қанша жол-көлік оқиғасы тіркелген?

Алматы полициясы қалада мопедтер мен самокаттардың қатысуымен қанша жол-көлік оқиғасы болғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакция сауалына берген жауапта Алматы қалалық жергілікті полиция департаментінің бастығы Ержан Ұзабаев 2022 жылдың алты айында қалада жылжымалы көліктердің қатысуымен 77 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін айтты. Олардың ішінде 81 адам зардап шекті, бір адам қаза тапқан. Мопедтермен 49 жол-көлік оқиғасы болып, 58 адам зардап шеккен, электрсамокаттармен – 22 жол-көлік оқиғасынан, 23 адам зардап шеккен.

«Шынымен, қазір Алматыда жеке көлік құралдарының қозғалысына қатысты өткір мәселе туындады, өйткені бұл көлік түрлерін басқаратын адамдар жол жүру ережелерін жиі бұзады. Статистика бойынша, баламалы жол-көлік оқиғаларының саны кейінгі айларда көбейді», — деді Алматы қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы.

Мұндай жол-көлік оқиғаларының саны әсіресе көктемнің аяғы мен жаздың басында көбейеді. Сәуірге дейін мопедтердің қатысуымен үш, электрсамокаттардың қатысуымен жеті жол-көлік оқиғасы болса, мамырда мопедтермен 20, электрсамокаттармен 4 оқиға тіркелген. Маусымда мопедтердің қатысуымен 21 жол-көлік оқиғасы, ал электрсамокаттардың жол-көлік оқиғасы тоғызға дейін көбейген.

Көбіне мопедтер мен электрсамокаттар оқиғасы негізгі көшелерде тіркеледі. 

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...