Самат Ғилымов көлік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

Самат Ғилымов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, дееп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Самат Қуанышұлы Ғилымов еңбек жолын 1981 жылы Атырау қаласындағы Қосшағыл совхозында бастаған. Әр жылдары Атырау облысы совхоздарында слесарь, машина алаңы меңгерушісі, бас инженер болып жұмыс істеді. Әр жылдары жеке компанияларда жұмыс істеген.

1998-2002 жылдары ҚР Салық (қаржы) полициясы органдарында еңбек еткен.

2002-2005 жылдары — Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

2008-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2014-2019 жылдары — Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының орынбасары.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінің төрағасы.

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Орталық Азия экономикасының жалпы көлемі жарты триллион доллардан асты....

«Каждая минута важна: как в Алматинской области оказывают медицинскую помощь матерям и детям в сложных случаях?»

Осложнения на последних сроках беременности, преждевременные роды или состояние,...

Более полувека служения судебной системе

В Алматы по инициативе председателя Алматинского городского суда Армана...

Поворот исполнения решения суда

Поворот исполнения судебного решения – это процессуальный механизм восстановления...