12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Салық қызметкерлері қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгінде интернет-алаяқтар салық төлеушілердің электронды пошталарына немесе әлеуметтік желілерде хабарлама түрінде «Заңбұзушылықтарды жою туралы ескерту. Бюджетке қарызды банктік шоттардағы ақша есебінен өндіріп алу» деген тақырыппен жалған хабарламаларды жіберуді жалғастырып жатыр», – делінген хабарламада.

МКК заңға сәйкес барлық хабарламалар автоматты түрде нөмірленіп, жүйелі түрде қалыптасатынын еске салды. Хабарламалар тек «Салық төлеушінің кабинеті», eGov порталы және e-Salyq қосымшаларына жіберіледі. Кейбір хабарламалар жеке кабинетте бірден қолжетімді болады. Камералды бақылау бойынша хабарламаларды КНП немесе eGov арқылы PDF форматында сұратуға болады.

«Осыған байланысты МКК жалған хабарламаларға сенбеуді, ақша аудармауды, күмәнді сілтемелерге өтпеуді және алынған хабарламаларды тексеруді ұсынады. Маңызды! МКК ақпараттық жүйелерінен салық төлеушілердің электронды поштасына хабарламалар жіберілмейді», – деп ескерткен комитет.

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,