Салық органдарының ескертуінен кейін блогерлер қанша салық төледі?

Премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин салық төлемегендер тізіміне енген қазақстандық блогерлер қарыздарын өтей бастағанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр бүгінде ірі бизнес салық төлеуден жалтаруы немесе оны азайтуы үшін әртүрлі схема қолданатынын мәлімдеді. Жұманғариннің айтуынша, тәртіп орнату басталған, салық органдары да қажет шараларды қабылдап жатыр.

«Жұмыс жүріп жатыр, оны көріп отырсыздар, бірақ әзірге оған пікір білдірмеймін. Тиісті хабарламалар берілген және мұның бәрі камералдық бақылау негізінде жасалған. Бұл — салық комитетінің тұрақты жұмысы. Бұл жолы оның бір бөлігін, ішін көрсеттік», — деді вице-премьер Серік Жұманғарин.

Оның сөзінше, бұл «бюджетке қосымша табыс көзін іздеумен айналыспайды» деп жиі айтылатын салық органына қатысты сыннан туындаған.

«Салық комитеті жұмыс істеп жатқанын айта аламын. Тек осы жолы кейбір жайттар сіздер үшін ашық жарияланды, соның ішінде блогерлерге қатысты жайт та бар. 15 блогер 1,5 миллиард теңге қосып, бюджетке 75 миллион теңге төледі», — деді Жұманғарин.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық блогерлерге 53 млрд теңге төлеуге бір ай уақыт берілді. Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, 594 адам кірісін жалпы сомасы 53,3 миллиард теңгеге төмендеткен. Енді блогерлер нақтыланған салық есебін тапсырып, салық төлеуі керек немесе 30 жұмыс күні ішінде түсініктеме беруі қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.