12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Салық төлеушінің паспорты салық құпиясын ашпайды

Сурет: pixabay

2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енген «Салық төлеушінің паспорты» салық құпиясы болып саналатын мәліметтерді ашпайды және ол тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған. Барлық мәліметтерді QR-кодты оқу арқылы көруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәлімдеуінше, салық төлеушінің паспортында мынадай мәліметтер қамтылады:

  • сәйкестендіру нөмірі;
  • жеке кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы;
  • жеке кәсіпкердің, заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
  • салық төлеушінің мәртебесі – әрекет ететін, әрекет етпейтін, салықтық есептілікті ұсынуды тоқтатқан;
  • тiркеу есебiне қойылған күн, тiркеу есебiнен шығарылған күн;
  • бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі, бақылау-касса машинасын пайдалану орны;
  • алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болуы немесе болмауы. Салық төлеушінің төлқұжатын енгізудегі мақсат – бизнес субъектілерінің міндеттемелерін орындауын қоғамның өзі бақылауды күшейту, сондай-ақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін пайдалану. Салық төлеушілердің (қоғамдық тамақтандыру және сауда саласы) міндеті – қалыптастырылған паспортты бақылау-касса машиналарының тікелей орналасқан орындарында, халықты ақпараттандыру үшін жалпыға бірдей қолжетімді жерлерде басып шығару және орналастыру. Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

Ведомство өкілдерінің айтуынша, салық төлеушіден паспортты ай сайын жаңартып отыруды қажет етпейді, өйткені тіркеу деректері өзгерген кезде штрих-код автоматты түрде жаңартылады.

Порядок начинается с каждого 

В КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ ЗА ПОСЛЕДНИЕ ТРИ ГОДА БЛАГОДАРЯ СОЦИАЛЬНЫМ...

Стратегический прорыв в АПК

Реализация крупных инфраструктурных проектов в агропромышленном секторе Туркестанской области...

Высокий порог ответственности

ПРЕДСТАВЬТЕ СЕБЕ СИТУАЦИЮ: ВО ВРЕМЯ ДВИЖЕНИЯ АВТОБУСА К ВОДИТЕЛЮ,...

В центре реформы – человек

КОМИССИЯ ПО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЕ ПРЕДСТАВИЛА ПРОЕКТ НОВОЙ КОНСТИТУЦИИ, НАПРАВЛЕННЫЙ НА УКРЕПЛЕНИЕ ПРАВ И СВОБОД ГРАЖДАН И ПЕРЕРАСПРЕДЕЛЕНИЕ ПОЛНОМОЧИЙ МЕЖДУ ВЕТВЯМИ ВЛАСТИ.