Салық кодексінің жаңғыртылуы – заман талабы

Өркениетті, зайырлы қоғамда жаңа заңнамалардың қабылданып, қолданыстағы құжаттарға тиісті өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі қалыпты үрдіс. Салық кодексінің жаңғыртылуы да заман талабы.

Жалпы заңнамаларды дайындауға ең алдымен халықаралық талаптардың өзгеруі, әлемдегі даму тенденциясының әсер ететін белгілі. Екіншіден, мұндай бастаманың қолға алынуы қоғамдық қажеттілікке, азаматтардың заманауи өзгерістерге байланысты талаптары мен тілектеріне байланысты орын алады. Елдің даму үдерісін, азаматтардың ұсыныстары мен лебіздерін ескере келе жаңа Салық кодексі дайындалған еді. Бұл еліміздегі ең көп, ең қызу талқыланған құжаттың бірі болған.

Салық кодексіне 2025 жылғы 18 шілдеде Мемлекет басшысы қол қойып, заңнама 2026 жылдың қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілгені белгілі. Бұл құжат салықтық әкімшілендіруді жаппай жеңілдетуді көздейді. Атап айтқанда, биылдан бастап салық есептілігінің көлемі 30 пайызға қысқарып, салықтардың саны 20 пайызға азаймақ. Сондай-ақ жеңілдіктер мен алымдар барынша оңтайландырылып отыр. Елеулі өзгерістер корпоративтік және жеке табыс салықтарын да қамтыды.

Жаңа өзгеріске орай қосылған құн салығының (ҚҚС) жаңа базалық мөлшерлемесі 16 пайыз болып бекітілді. Дегенмен, әлеуметтік салада бірқатар жеңілдіктер сақталған. Мәселен дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесі белгіленіп отыр. Соған орай бұл салық 2026 жылдан 5 пайызды құраса, 2027 жылдан 10 пайыз болып көтеріледі.

Еліміздегі салық  санының азаюы да жағымды өзгерістің бірі. Соған сәйкес бірыңғай жер салығы қысқартылып, жеке төлемақылар бойынша мөлшерлемелер мен алымдардың саны кемітіліп отыр.

Заңнамалық өзгеріс жасау барысында әлеуметтік әділеттілікке, теңгерімге де сәйкесінше көңіл бөлінген. Айталық жеке тұлғалар енді қымбат өнімдерге, атап айтқанда құны 75 миллион теңгеден асатын автокөлігіне, құны 100 миллион теңгеден асатын кемесіне, әр литрінің құны 500 мың теңгеден асатын алкогольге, әр данасының құны 10 мың теңгеден асатын темекі өнімдеріне 10 пайыз акциз түрінде салық төлейді. Сонымен қатар жалпы құны 450 миллион теңгеден асатын жылжымайтын мүлік нысандарына мүлік салығы жоғарыламақ.

Міне, ел өміріне осындай елеулі өзгерістер әкелге жаңа Салық кодексі қазір қолданыста. Ст тарапынан жаңа заңнаманың басымдықтары мен негізгі баптарын таныстыру, түсіндіру бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Е.Махметов, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...