Салық кодексіне тағы да түзетулер енгізілуі мүмкін

Қазақстанда жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізілуі мүмкін. Бұл ақпаратты премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Вице-премьер барлық ұсыныс қаралып жатқанын, түзетулер жыл соңына қарай қабылдануы мүмкін екенін айтты.

«Белгілі бір мәселелер бойынша қарау және жауап беру мерзімін белгіледік: 3, 5, 10 күн. Егер осы уақыт ішінде жауап бере алмасақ, демек бұл мәселе жүйелі сипатқа ие деген сөз, ол Салық кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобында талқыланатын «сұрақтар қоржынына» түседі. Бұл — жыл сайын отырыс өткізетін стандартты жұмыс тобы. Бәлкім, өзгерістерді осы жылдың соңында көретін шығармыз. Олар келесі жылы күшіне енуі мүмкін. Кейбір тұста Бюджет пен Салық кодекстері арасында сәйкессіздіктер болды. Бірақ жалпы жағдай жұмыс тәртібінде», — деді Серік Жұманғарин мәжілістегі брифинг барысында.

Министр Салық кодексі ондағы түзетулер 1 қаңтардан бастап күшіне енетіндей етіп жасалғанын айтты.

«Сондықтан қандай да бір түзетулер енгізілсе, олар 1 қаңтардан бастап енгізіледі. (…) Қазір қоғамды дүрліктіріп, бір-екі түзетуді атағым келмейді. Бірақ қажет болса, дүйсенбі күні жариялауға дайынмын, қаласаңыздар. Бұл мүлде құпия емес», — деп қосты ол.

Еске салайық, қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізуді тапсырып, бұл құжат «қасиетті жазба емес», оған өзгерістер енгізуге болатынын айтты.

Келесі күні премьер-министр Олжас Бектенов Серік Жұманғаринге Салық кодексіне қатысты халық пен бизнес өкілдерінен түскен ұсыныстарды жинақтап, талдауды тапсырды.

ЮНИСЕФ: Әлемде 20 миллион бала жасанды интеллектіні пайдаланады 

Ұйымның бағалауынша, жасанды интеллектінің балалардың когнитивтік дамуына, эмоциялық жағдайына және цифрлық тәуелділіктің қалыптасуына ұзақ мерзімді әсері әлі толық зерттелмеген.

Құрылтай сайлауының ақшасы қайдан алынады? – ОСК жауабы  

Аумақтық сайлау комиссиялары бюджеттік өтінімдер дайындап жатыр.

Алматыда сел қаупі жоқ: ТЖМ тәулік бойы бақылау жүргізуде 

Өзендердің жай-күйі туралы ақпарат нақты уақыт режимінде ахуалдық орталықтарға үздіксіз жеткізіліп отырады.

Венесуэлада жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды 

Республика президентінің міндетін атқарушы Делси Родригестің айтуынша, бұл шешім жер сілкінісі құрбандарының рухына тағзым ету мақсатында қабылданған.

Жаңа Конституция: Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылыққа ресми мәртебе берілді 

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Волонтерлік пен қайырымдылық алғаш рет конституциялық мәртебе алды. Тағы қандай өзгерістер бар?