2022 жылғы 6 мамыр күні Қызылорда станциясындағы Желілік полиция бөлімі акт залында Отан қорғаушылар күніне және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай салтанатты жиналыс өткізілді.
Жиналысқа ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожамберді Әбдімәлікұлы және Ауған соғысының және ішкі істер органдарының ардагері Нуртазаев Ораз Асанханович арнайы шақырылып, естелік сыйлықтар мен құттықтау хаты табыс етілді. Салтанатты жиналыс барысында Қызылорда ст. ЖПб-де қызмет өткерген Ұлы Отан соғысы ардагерлері және олардың ерліктері туралы баяндама жасалып, патриоттық әндер орындалды.