Салтанат Нүкенова қалай қайтыс болған: Бишімбаев өз нұсқасын айтты

Әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айып тағылып отырған Қуандық Бишімбаев сотта куәлік беріп жатыр. Бишімбаев айғақ беру кезінде Салтанат Нүкенова қайтыс болған күн туралы айта бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бишімбаев айғақ беру кезінде Салтанат Нүкенованың қалай қайтыс болғанын айта бастады. Оның айтуынша, марқұм әжетханада қатты соққы алған.

«Бір кезде ол: «Мен қазір шалбарымды да шешемін» деді. Мен оның артынан ұстап қалып: «Не істеп жатырсың? Бұлай істеме» дедім. Артынан белдігінен ұстап қалдым. Ол унитазға қарай, теріс қарап тұрды, мен артында тұрып, шалбарынан ұстап қалдым. Ол оны төмен тартып шешкісі келді. Оның ойы болған сияқты — ол маған айтқан болатын, мен қазір бәрін бетіңе лақтырамын деп. Мұның бәрін айғайлап, дөрекі сөздермен айтты», — деп жауап берді сотталушы.

Одан әрі, сотталушының куәлігі бойынша, ол «қалағаныңды істе» деген оймен Салтанатты «ашуланып, жібере салған».

«Осылай тепе-теңдігін жоғалтып, мен ұстап тұрамын деп ойлап, қатты тартып жіберді, бұл кезде мен [оны] жібере салдым. Содан шалбары төмен түсіп кетті де, ол тепе-теңдігін жоғалтып унитазға қарай құлап түсті. Ол қабырғаға соғылды — қабырға оның оң жағында болған, ол құлап бара жатып, алдымен қабырғаға соғылды, одан қолымен итеріп, дәретханаға бетімен құлады. Өте қатты соғылды. Унитаздан кейін жерге құлады. Екі соққы. Мен аздап есеңгіреп қалдым. Не болып жатқанын қарап тұрдым. Ол дәретханада осы күйде шамамен 10-15 секунд жатты, шалбары тізеден төмен түсіп кеткен. Мен қарап тұрдым, көрдім», — дейді Бишімбаев.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.