12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» ПОЙЫЗЫ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАУДА

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қостанай облысы Денисов ауданының «Денисовка» станциясына келді. Заманауи диагностикалық құралдармен қамтамасыз етілген пойыз – шалғай аудандар мен ауылдарда тұратын азаматтарға медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік көмек көрсетуді мақсат еткен.

Барлық ем-шара міндетті əлеу меттік медициналық сақтандыру жəне тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде жасалады. Бұл əлеуметтік жоба Денсаулық сақтау министрлігінің, «Samruk-Kazyna Trust» қорының, сондай-ақ ҚР Президентінің жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен іске асырылуда. Қостанай облысына келген «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызында əртүрлі бейіндегі 30 медицина қызметкерінен тұратын команда бар. Олар: терапевт, хирург, педиатр, кардиолог, невропатолог, ЛОР дəрігері, офтальмолог, стоматолог, гинеколог, уролог, психолог жəне функционалдық диагностика мамандары. Онда барлық пациенттерге ультрадыбыстық, ЭКГ, флюорография, гастроскопия, зертханалық зерттеулер қолжетімді. Шұғыл көмек қажет болса, мамандардың қатысуымен шағын хирургиялық операциялар да жасалады. Медициналық пойыз «Денисовка» станциясында бірнеше күн болып, содан кейін басқа аудандарды аралайды. Бұған дейін «Саламатты Қазақстан» пойызы Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарын аралаған болатын. Атап айт қанда Ақтөбе облысының Шұбарқұдық, Қарашоқат, Қотыртас, Қандыағаш, Мартөк, Ақкемер жəне Кемпірсай сияқты елді мекендерінде болды. Ал Батыс Қазақстан облысында 7,5 мыңға жуық тұрғын тұратын Бəйтерек, Шыңғырлау, Тасқала жəне Теректі аудандарының 7 теміржол станциясында тұрғындарға медициналық жəне құқықтық қызмет көрсетті. Мəселен, бұл сапар кезінде пойыздың аға дəрігері А. Саханова мен пойыз медиаторы Ш. Шалғазина ауыл тұрғындарына мобилдік кешеннің жұмыс істеу механизмін жəне олар пойыз мамандарының көмегімен медициналық жəне басқа да қызметтер тізбесінен нақты не ала алатынын түсіндірді. Ал 3-25 мамыр аралығында «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Маңғыстау облысының Тұрыш, Сам, Сайөтес, Өзен, Болашақ, Жетібай, Қарақия, Шетпе, Үстірт, Тірек станцияларына тоқтады. Былтыр бұл əлеуметтік жоба 1 мамырда басталып, Астанадан шалғайдағы 147 ауыл тұрғындарына тегін амбулаториялық көмек көрсеткен еді. Ол кезде медициналық пойыз өз сапарын су тасқынынан зардап шеккен батыс өңірлерден бастап, 90 мың ауыл тұрғындарын медициналық қызметтермен қамтыған. Былтыр бұл жобаның арқасында алғаш рет маммограф сатып алынды, оның қызметтері халыққа қолжетімді болған. Сондай-ақ консультациялық-диагностикалық көмектен басқа, медициналық пойыз мамандары стационарларға жоспарлы емделуге жолдама да бере алды. Жалпы «Медициналық пойыздар» 2010–2023 жылдары еліміздің барлық өңірлеріндегі 1991 станцияға барды. Онда 658 407 адам, оның ішінде 142 660 бала қаралды. Дəрігерлердің қарап-тексерулерінің саны 3,5 млн-ды құрап, 29 мыңдай шағын амбулаториялық операциялар жасалып, 169 мың тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілген еді.

Қ.ЕРМЕКОВА, «Заң газеті»

ҒАСЫРЛАРҒА ЖАЛҒАСҚАН РУХАНИ ӨЗЕК

Қазақ халқы – сан ғасырлық тарихы мен терең руханияты...

 За счет турецких инвестиций

ОЧЕРЕДНЫМ УСПЕШНЫМ ШАГОМ В НОВОЙ ПРОМЫШЛЕННОЙ ПОЛИТИКЕ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ,...

Военный патруль на водоемах 

С НАЧАЛА ЛЕТА УСИЛЕНА РАБОТА МЧС ПО ПРЕДОТВРАЩЕНИЮ НЕСЧАСТНЫХ...

Пожар ликвидирован огнеборцами

В ИЮЛЕ ЭТОГО ГОДА ПОСТУПИЛО СООБЩЕНИЕ О ТОМ, ЧТО...

Политика братства и прагматизма 

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ВИЗИТ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТА ТОКАЕВА В ТУРЦИЮ...