12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сайрам ауданында полиция қызметкерлері марапатталып, құрметпен зейнеткерлік демалысқа шықты

Жаңа жыл қарсаңында Сайрам ауданы полиция басқармасының мәжіліс залында жеке құрамның қатысуымен жиын өтті. Іс-шараға Сайрам аудандық мәслихатының аппарат басшысы Шолпан Тилеуова, Аманат партиясының бөлім басшысы Бейбіт Биназаров арнайы келіп, тәртіп сақшыларын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Сонымен қатар үздік көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлерді марапаттады. Яғни Сайрам аудандық әкімінің «Алғыс хатымен» 12 қызметкер, Сайрам ауданы мәслихатының «Алғыс хатымен» 5 қызметкер, «Аманат» партиясының Сайрам аудандық филиалы төрағасының «Алғыс хатымен» 5 қызметкер марапатталды.
Сондай-ақ басқарма басшылығы мен жеке құрам қызметкерлері ішкі істер органдарында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек еткен әріптестері полиция подполковнигі Б.Ахмадниязов, полиция майоры Р.Салиев, полиция майоры Д.Байхарашевтарды құрметпен зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.
Бейнетінің зейнетін көріп, зейнеткерлік демалысқа шыққан полицейлер болса, өздерінің әріптестеріне ризашылықтарын айтып, жылы лебіздерін білдірді. Шара соңында басқарма бастығы полиция полковнигі Б.Зиятаев зейнеткер атанған полиция қызметкерлеріне естелік сыйлық табыс етті.


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Между реформами и ограничениями

Свобода слова остается одной из важнейших тем в общественно-политической...

Сөз қадірі — өз қадіріміз!

Тіл — қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де...

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім...

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді

9-14 мамыр аралығы Алматы облысында Халықаралық «Ұлы дала жорығы»...