САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАЛАР РЕТІМЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

Қоғамда партиялардың негізгі алға қойған басты міндеттерінің бірі – сайлауалды бағдарламаларының тиісті түрде орындалуы екені сөзсіз. Бұған сан-салалы экономика мен халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, өндіріс орындарының, білім және ғылым, мәдениет саласының дамуына жағдай туғызатын түйткілді мәселелердің шешімін табу сияқты келелі мәселелер кіреді.

Ақмола облысында да аталған бағдарламалар «AMANAT» партиясының филиалы тарапынан кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келе жатқанын атап өткен жөн. Әсіресе, өндіріс орындарының құрылуы мен алға қарай қарыштап дамуы көңіл қуантарлық… Облыс аумағында сайлауалды бағдарламалардың орындалуына жүргізілген талдау негізінде бекітілген 132 шараның 23-і орындалғанын, жүзі орындалып жатқанын, ал тоғызының орындау мерзімі әлі келмегенін көрсетті. Облыста ауыл шаруашылық саласындағы өңдеу және қайта өңдеу саласының қарқыны күшейіп, тіпті жаңа өндіріс ошақтары пайда бола бастаған. Әсіресе, мал бордақылау және өсіру алаңдарымен қоса өңдеу саласына баса назар аударылып келе жатқанын атап өткен жөн. Өңірде Біржан сал ауданында «Макинское» ауыл шаруашылық кәсіпорны, Аршалы ауданында «Қарақат Агро» ЖШС-і, Егіндікөл ауданында «Ankaz» шаруа қожалығы, Целиноград ауданында «Дихамбек» ЖШС-і, Шортанды ауданында «Абермит» шаруа қожалығы және «Медина» ауыл шаруашылығы кооперативтерінде тоғыз бірдей ет өндіру және өңдеу фермалары құрылған. Астық өсіру және өңдеу саласындағы ілгерілеушілік те айтарлықтай жоғары. Мәселен, Шортанды ауданындағы «АBM AGRO» ЖШС-і астықты қайта өңдеуді жаңа сатыға көтерсе, Астрахан ауданындағы «Зеленое-1» ЖШС-і суармалы егістік алқабының көлемін ұлғайтқан, ал Ақкөл ауданындағы «Тың Жер 18» ЖШС-і астық қоймасының құрылысын қызу жүргізе бастапты. Аймақта шағын және орта бизнес саласын дамыту мәселесіне де баса назар аударылып келеді. Атап айтқанда, жақында облыс әкімі бизнес қауымдастығы, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы және мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, онда бизнесті дамытудың өзекті мәселелері талқыға түсті. Облыста кәсіпкерліктің кең етек жинауына жыл сайынғы субсидиялық көмек пен «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасының зор шарапаты тиген. Мәселен, жыл сайынғы субсидиялық қаржыландыру бойынша өңірде жалпы саны 181 жаңа жоба 14594,4 миллион теңгеге несие берілсе, кепілдендіру бойынша 4136,1 миллион теңге несие сомасы бойынша 86 кепілдік берілген. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша жобаның кепілдік сомасы 2106,3 миллионды құрап отыр. Әсіресе, шағын және орта бизнес санын ұлғайтуға назар аударылған. Облыста соңғы мәліметтер бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58,2 мыңға дейін жетіп жығылған. Аймақ негізінен аграрлық сала болғанымен соңғы кезде аграрлы және өнеркәсіпті аймақтар қатарына ене бастаған. Қазіргі таңда агроөнеркәсіптік кешен саласында да тек биылғы жылдың өзінде ғана 481 тұрақты жұмыс орны пайда болғанын атап өткен жөн. Өңірде сауда саласында бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында ауыл шаруашылық тауар өндірушілермен, көтерме сауда арқылы жеткізушілер және дүкендермен меморандумға отыру бойынша жоспар жасалған. Аталған жоспарға сәйкес бүгінге дейін 1131 меморандумға қол қойылғанын атап өткен жөн. Сондай-ақ өңірде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрі бағаны тұрақтандыру мақсатында тұрақтандыру қорында әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының қорын жеткізу бойынша 4 бірдей келісімшарт жасалған. Білім, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы жүргізілген жұмыстар да ауыз толтырарлық. Мәселен, облыста бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету және балалардың инклюзивті білім алуы толықтай жолға қойылғанын атап өткен жөн. Өңірде Ерейментау және Целиноград ауданында жалпы саны 91 орынға шақталған екі балабақша пайдалануға берілген. Денсаулық сақтау саласында осыған дейін тозған құрылғылармен жұмыс істеп келген мамандар енді өндіріс орнынан жаңа шыққан жаңа аппараттармен жұмыс істеуге мүмкіндік алған. Бүгінде медициналық ұйымдардың жоспарға сәйкес 83,1 пайызының медициналық-техникалық базасы нығайтылған. Өңірге жұмысқа келген 54 дәрігерге біржолдық төлем түрінде 220 миллион теңге сомасында әлеуметтік қолдау берілген. Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақы мәселесінің төмендігі көптен бері көтеріліп келе жатқан өзекті мәселе. Өңірде мәдениет және архив қызметкерлерінің жалақысы биыл 26 пайызға көтерілгенін атап өткен жөн. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында да айтарлықтай оң өзгерістер баршылық. Атап айтқанда, өңірде халықты сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші алғаш рет 96,7 пайыздық көрсеткішке жетіп жығылды. Өңірде «Сарыарқа» магистральды газ құбырының құрылысы шеңберінде халықты көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселесі де біртіндеп шешімін тауып келеді. Жоспарланған 512 шақырым газ құбырының бүгінде Аршалы ауданына қарасты Жібек Жолы ауылы мен Целиноград ауданының Қоянды ауылдарында 457 шақырымдық газ құбыры тартылған. Партияның сайлауалды бағдарламаларында көрсетілген міндеттер мен жобаларды орындау жұмысы одан әрі де белсенді түрде бақылауға алынып, жұмыстардың жүргізілу барысы өңірлік партия филиалы мен бөлімдерінің бақылауында болмақ.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Әлихан Бөкейханов және құқықтық мемлекет идеясы: тарихи мұра мен заманауи сабақтастық

Әлихан Бөкейханов – қазақ тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірі,...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданылуын жетілдіру мәселелері туралы

Құрметті әріптестер, құрметті мемлекеттік тіл бойынша жауапты мамандар! Бүгінгі кездесудің...

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

Алаяқтық – қоғамдағы ең кең таралған әрі қауіпті қылмыстардың...

Almaty Half Marathon 

МАССОВЫЙ СПОРТ В АЛМАТЫ СТАНОВИТСЯ ХОРОШЕЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ И КРЕАТИВНОЙ...

Согласно миссии ООН

В АЛМАТИНСКИЙ ВОЕННЫЙ ГАРНИЗОН С РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКОЙ ПРИБЫЛ ЗАМЕСТИТЕЛЬ...