Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі 23 шілдеде басталады

Қазақстандағы Құрылтай сайлауына қатысатын барлық 7 саяси партия өздерінің партиялық тізімдерін жариялады. Бұл – сайлау науқанының маңызды кезеңдерінің бірі. Енді ел азаматтары партиялардың бағдарламаларымен, ұсынған кандидаттарымен және алдағы жоспарларымен жан-жақты таныса алады.

Ал 23 шілде күні сағат 18:01-де ресми түрде сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталады. Осы уақыттан бастап саяси партиялар заң аясында өз бағдарламаларын халыққа таныстырып, сайлаушылармен кездесулер өткізіп, қоғамдық пікірталастарға қатысады.

Алдағы үгіт-насихат кезеңі – саяси бәсекелестіктің, ашық пікір алмасудың және демократиялық мәдениеттің көрінісі болуы тиіс. Әрбір партия өз ұстанымын дәлелдеп, ел дамуына қатысты көзқарасын ұсынады. Ал шешуші сөз – халықтікі.

23 тамыздағы сайлау – еліміздің болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін маңызды таңдау. Сондықтан әрбір сайлаушы партиялардың сайлауалды бағдарламаларын мұқият зерделеп, саналы шешім қабылдауы қажет.

Белсенді азаматтық ұстаным – мықты мемлекеттің негізі. Еліміздің ертеңі үшін әр дауыс маңызды. Өз таңдауыңызды жасап, Қазақстанның болашағына бірге үлес қосайық!

Нурхат Ораш

Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әр азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына, қоғамның тұрақтылығына және азаматтардың...

Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңы

Қазақстан Республиксының «Тіл туралы» Заңы  1997 жылы 11 шiлдедегі...

Балаларды қорғау және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнамаға енгізілетін түзетулер қаралды

Қазақстанда онлайн-платформалардың жауапкершілігін күшейту, балалардың интернеттегі қауіпсіздігін арттыру және...

В Казахстане предложили новые меры по регулированию онлайн-платформ и защите пользователей

В Казахстане планируют усилить ответственность онлайн-платформ, повысить безопасность детей...

Таяу Шығыс: Сирияда миллиондаған адам үйлеріне оралды

Сирияда ұзақ жылдарға созылған қақтығыстардан кейін ел тұрғындарының бір...