Сайлау дағдарыс жағдайында өтті — Назарбаев

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының штабына келіп, партия мүшелерін жеңіспен құттықтады және сайлаудың қиын жағдайда өткенін атап өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

«Баршаңызды «Nur Otan» партиясының айқын жеңісімен құттықтаймын. Экзит-полдың алдын ала нәтижелері қазақстандықтар еліміздің әрі қарай дамуын біздің партиямызбен байланыстыратынын көрсетті. Сайлаудың ел тәуелсіздігінің отыз жылдығымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар. Осы уақытта орасан зор жұмыс атқарылды. Ең бастысы ­– жаңа ауқымды мақсаттарға қол жеткізу үшін берік негіз қаланды», ­– деді Елбасы.

Nur Otan партиясының төрағасы сайлауалды үгіт-насихат науқаны мен сайлау пандемия және соның салдарынан туындаған экономикалық дағдарыс жағдайында өткенін айтты.

«Әлемде коронавирус індетіне шалдыққандар саны артуда. Дүниежүзілік банк әлемдік экономиканың құлдырауы мен жұмыссыздық өседі деп болжап отыр. Бұл жағдайда біртұтас саяси күштің айналасына топтасқан қоғам ғана жеңіске жетеді», ­– деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі жетістік жұмыла атқарылған жұмыс пен партияның әрбір мүшесінің еселі еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.

«Баршаңызға атқарылған жұмыс үшін ризашылығымды білдіремін және тек жақсылық тілеймін. Науқан тиімді әрі нәтижелі өтті. Партия қатары жаңарды. Халық арасында беделі биік жаңа көшбасшыларымыз бар. Әр ауданның, қаланың, облыстың дамуы үшін халықтық бағдарламалар әзірленді», – деді партия төрағасы.

Елбасы Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы Бес институционалдық реформаның, соның ішінде Мемлекет басшысының халыққа жолдауында берген тапсырмаларының жалғасы екенін айтты.

«Nur Otan партиясының басты мақсаты – халықтың тұрмысын жақсарту және елдігімізді нығайта беру. Ел болып біріге білсек, алынбайтын асу жоқ. Басымызға түскен қиындықтарды біз әрдайым бірге еңсеріп, жетістіктерге бірлесе жетеміз. Баршаңызды партиямыздың бүгінгі жеңісімен құттықтаймын», – деді Елбасы.

Айта кетейік, 10 қаңтарда сағат 00:00-де Мәжіліс депуттарын сайлаудың экзит-пол нәтижелері баяндалған жаңалықтар шығарылымы қаралды. Экзит-пол қорытындысына сәйкес «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 71,97 пайыз дауысын жинады.

После принятия новой Конституции в стране успешно реализуются масштабные политические реформы – наблюдатель из Иордании

Международный наблюдатель, член Совета комиссаров Независимой избирательной комиссии Иорданского...

Мәре сызығы артта қалды: Меңдібай аға «Құрылтайға жол» ультрамарафонын Алматыда дауыс берумен аяқтады

Меңдібай аға өзінің парақшасында «Құрылтайға жол» шежіресіндегі қорытынды жазбасын...

Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған – Сердар Мутта

Бүгін – Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлау күні. Дауыс...

МВД РК: ситуация в стране стабильная, грубых нарушений общественного порядка не зарегистрировано

По словам официального представителя Министерства внутренних дел РК Шынгыса...

ҚР ІІМ: елдегі жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша,...