Сайлау-2022: бюллетендерде барлығына қарсы дауыс беру мүмкіндігі болады

20 қарашада өтетін Қазақстан Президентінің сайлау бюллетендерінде «барлығына қарсы» деген баған пайда болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Барлығына қарсы» бағаны заң бойынша қарастырылған. Әрине, ол болады. Азамат бірде-бір кандидатты таңдамаса, барлығына қарсы дауыс беруге құқылы», — деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа бағанды енгізу туралы 21 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын.

«Сайлау бюллетендерінде «барлығына қарсы» деген баған пайда болды», — деп мәлімдеген еді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс озаттарына мемлекеттік наградалар табыстады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qarmet» акционерлік қоғамының бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады.

2 қарашада Қазақстанның бірнеше қаласында жаңбыр мен қар жауады

Қазақстанның бес қаласында 2 қарашада жаңбыр жауады, оның үшеуінде жаңбыр қарға ұласады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан мектептерінде қауіпсіздікке арналған жаңа курс енгізілді: кімдер оқиды?

2026-2027 оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде «Жеке қауіпсіздік» курсы өткізіліп жатыр.

Қазақстандықтар 2027 жылғы Жаңа жылда төрт күн қатарынан демалады 

Қаңтар айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтарды барлығы 13 демалыс күні күтіп тұр.

Алматының электр желілерінде жұмысшыларға арналған ақылды каскалар енгізілді 

Жаңа технология еңбек қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп, өндірістік жарақаттану қаупін азайтуға мүмкіндік береді.