SABA GROUP KZ құрылыс компаниясы 10 жылдық мерейтойына орай көлік пен пәтер сыйламақ

SABA GROUP KZ құрылыс компаниясы 10 жылдық мерейтойына орай өз клиенттеріне электромобиль мен пәтер тарту етпек.

Ауқымды ұтысқа компания салған кез келген тұрғын үй кешенінен жылжымайтын мүлікті SABA GROUP KZ компаниясының өзінен сатып алған Қазақстан азаматтары қатыса алады. ZEEKR электромобиль көлігін ұтып алу мүмкіндігінен өзге ұтысқа қатысушы Arman City тұрғын үй кешенінен берілетін пәтер иесі де атанады. 10 жылдық мерейтойын ауқымды түрде атап өткелі жатқан компания мерейтойлық ұтысқа тағы басқа да бағалы сыйлықтар ойнатпақ. Сыйлығы қомақты мерейтойлық шараға қатысу үшін компания клиенті Arman City тұрғын үй кешенінің сату бөліміне келіп, тіркеуден өтуі тиіс.

Ұтыстың бірінші кезеңі – ZEEKR 001 электромобиль көлігінің ұтыс ойыны 2023 жылдың 25 желтоқсанында өтсе, екінші кезеңі, яғни пәтер ұтысы 2024 жылдың 25 қаңтарында ойнатылма
Айта кету керек, 10 жыл ішінде SABA GROUP KZ құрылыс компаниясы 12 тұрғын үй кешенін салған. Ол шамамен 500 мың м2 құрайды. Одан өзге компания тағы 2 тұрғын үй кешенінің құрылысын белсенді түрде жүргізіп жатыр. Бүгінде компания салған үйлерде 4 мың 600-ден астам астам қазақстандық отбасы тұрады. Құрылыс компаниясы осы сенімі үшін клиенттеріне алғыс айта отырып, осындай ауқымды мерейтойлық жобасының басталғанын жариялады.

БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Болашақ мұғалім үшін біліммен қатар кәсіби ортада өзін еркін...

КазНУ формирует экологическую культуру

В Казахском национальном университете им. аль-Фараби постоянно проходят мероприятия,...

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен Ахмет Байтұрсынұлы...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

Қазақстан қоғамының бүгінгі даму бағыты – жас буынның әлеуетін...

ҚазҰУ — сапалы білімнің бастауы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-ғасырдан аса тарихы бар, еліміздегі...