12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Саакашвили өлім аузында жатыр — дәрігер

Түрмеде жатқан Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили «Вивамед» емханасында өлім аузында жатыр. Бұл туралы саясаткерге барған невропатолог Отар Тоидзе мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоидзенің айтуынша, бұрынғы мемлекет басшысының денсаулық жағдайы туралы қорытынды баяндама жасау үшін жақын күндері бір топ дәрігер барады.

«Бір айға жуық уақыт бойы біз оған бармадық. Оның қазіргі жағдайын БАҚ беттерінен және дәрігерлермен қысқаша әңгімеден ғана білеміз. Менің Михаил Саакашвилиге барған бірінші және соңғы сапарым арасында айырмашылық бар. Ол ешқашан сөйлеуден, жүруден қиналмаған адам. Қазір жағдайы ауыр. Сондықтан объективті баға беріп, қорытынды жазу үшін барып қалатын шығармыз. Ол өлім аузында жатыр», — деді невропатолог.

Сәрсенбіде Саакашвилиге барған митрополит Николоз саясаткердің емханада 11 келіге арықтағанын айтқан болатын.

«Мен келгенде бірінші арықтағанын байқадым. Оның дәл осылай арықтағанын ешқашан көрмегенмін. Ол маған емханаға ауыстырылғаннан бері 11 келіге арықтағанын айтты», — деді Николоз.

Система хочет купировать риски

Политолог, глава «Политической экспертной группы» Константин Калачев – об обновлении политической системы...

Жетісу облысында жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігі кеңеюде

Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы халықты қолжетімді әрі сапалы...

В области Жетысу расширяется доступность высокотехнологичной медицинской помощи

Управлением здравоохранения области Жетісу проводится системная работа по обеспечению...

Кузница молодых лидеров

В Назарбаев Интеллектуальной школе Алматы–Наурызбай прошла самая масштабная MUN-конференция...