12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сақтық шараларын сақтау міндет

Төтенше жағдай кезінде ел соттары төрт жарым мыңға жуық істі қашықтық тәртібінде қарады. Онлайн процеске тиісті тұлғалар, мысалы, адвокат, азаматтар, прокурор, куәлер, т.б. интернеті қосылған гаджеттерді қолдану арқылы қатысты. Яғни, карантин жағдайында да ел тұрғындары өздерінің сот арқылы қорғалатын құқықтары мен бостандықтарын қорғай алды. Осылайша пандемея уақытында ҚР Жоғарғы Соты тарапынан сотқа жүгінушілердің денсаулығына нұқсан келтірмеу шаралары тиімді ұйымдастырылды.

Ресми деректерге сүйенсек, карантиннің алғашқы аптасында-ақ елдегі сот отырыстарының елу пайызы қашықтықтан қаралған. Мұның өзі азаматтардың сотқа көп жүгінетіндігінің айқын дәлелі десек, соған орай, соттарда электронды құжат айналымының өсуі де заңдылық. Процестерді қашықтықтан өткізуге біздің аудандық сотта барлық жағдай жасалған. Негізгі қызметімізді онлайн форматта іске асыру жан-жақты қамтамасыз етілген. Айта кетерлігі, қиын-қыстау кезеңде дауласушыларға судьялар тарапынан түсініспеушілікті өзара келісіммен бітірудің тиімділігі мүмкіндігінше түсіндіріліп, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылмауына барынша мән берілді. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, заң бұзушылық әрекеттердің жолын кесу немесе оларды соттан тыс шешу шаралары да қолға алынды.

Онлайн процесстің айырмашылығы неде десек, интернет жүйелері арқылы сот төрелігіне жүгінгендердің құқықтарына нұқсан келмейді, әдеттегі сот отырыстары секілді барлығының пікірі бірдей тыңдалады. Нақты айтқанда, бейне байланыс тараптар үшін де ыңғайлы. Судьялар төтенше жағдайға қарамастан, сот отырыстарын қалыпты тәртіпте «ватсап», «зум», т.б. платформалар көмегімен жүргізді. Сот процессін қашықтан өткізу бұрыннан келе жатқан үрдіс. Мысалы, ҚР Жоғарғы Сотының «Сот төрелігінің жеті түйінінің» бірі «Е-сот» жобасы халық пен сот қызметкерлерінің ІТ-қызметтерін жүз пайыз пайдалануына жағдай туғызу мақсатын көздейді. Осы тұрғыда бұған дейін ІТ саласында жаңа трендтер, қарапайым және қолайлы электрондық сервистер жасалған болатын. Қылмыстық істер бойынша да электронды сот ісін жүргізу кеңінен қолданылып, тараптардың сотқа келмей-ақ процеске қатысу мүмкіндігі іске қосылып, азаматтар үйінде, жұмысында немесе шетелде жүріп-ақ сот процесіне гаджет арқылы қатыса алатын. Осы мүмкіндіктер халыққа, әсіресе, карантин жағдайында ыңғайлылық туғызды. Жоғарыда айтқанымыздай, төтенше жағдай уақытының өзінде сотқа түсетін арыздар мен өтініштер саны азайған жоқ.

Бүгінде ел аумағында қалыпты жағдай орын алды. Дегенімен, жұртшылық барлық уақытта сақтық шараларын ұмытпауы керек. Өйткені, Бас санитардың COVID-19 ауруының алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы №36 қаулысында инфекцияның жаппай таралу қаупі әлі де бары ескертілген. Сондықтан, сот ғимараттарында вирусты жұқтыру қаупін болдырмау, судьялар мен қызметкерлерге, сотқа келушілерге қауіпсіз жағдай

туғызудың маңызы зор. Бұл тұрғыда соттар тарапынан тиісті шаралар көрілуде. Яғни, осы күнге дейінгі оң тәжірибе ескеріліп, сот жұмысы онлайн режимде жалғасуда. Ал, қылмыстық істерге қатысты прцесстер жақтардың қатысуымен сот ғимаратында айрықша жағдайларда ғана өткізіледі.

Дана халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегенді бекер айтпаған. Тек біздің ел ғана емес, жалпы әлем халқының басына төнген сын-қатерге бірлесе қарсы тұрып, карантин жағдайынан шықтық. Ендігі міндет сақтық шараларын үздіксіз орындау. Және заң бұзушылықтардан бойды аулақ ұстау.

Дінасыл Жанатқызы,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

        Сыбайлас жемқорлық ‑ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк...

Этика судей

Особенность этики судьи в том, что она обязательна к...

Кассациялық сот құру – қоғам талабы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың қыркүйек айында отандық...

ӘСКЕРИ СОТТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ӘЙЕЛ-СУДЬЯ

«Ақын болу – өз еркің, адам болу – міндетің» деген нақыл сөзді «мамандық таңдау – өз еркің, адал болу – міндетің» деп жалғастырар ем!» Бұл еліміздің құрметті доғарыстағы судьясы Тұрсын Әбсағитқызы Мұқышеваның жүрекжарды сөзі. Заң саласындағы қырық жылға жуық еңбек өтілінің 21 жылы сот төрелігін жүргізуге арналған Тұрсын Әбсағитқызы әскери сот саласында қызмет еткен алғашқы қазақ әйелі.

Материалдық залалды өтеуде нені ескеру керек?

Сот тәжірибесін зерделеу, төрелік алаңында таразы басына салынған істерге...