12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сақтандырылған алматылықтарға 45,9 млрд теңгенің медициналық көмегі көрсетілді

Медициналық сақтандыру қоры 2022 жылдың бірінші тоқсанында алматылықтарға МӘМС пакеті арқылы көрсетілген қызметтер үшін 45,9 млрд теңгеге жуық қаржы төледі. Бұл туралы МСҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады.

Хабарламаға сүйенсек, өткен тоқсанда төленген қаржының басым бөлігі, яғни, 24,2 млрд теңгесі стационарлық деңгейдегі медициналық көмекке, 2,0 млрд теңгесі күндізгі стационарларда көрсетілген көмекке жұмсалған.

Тағы 8,9 млрд теңге консультативтік-диагностикалық қызметтерге төленген. Сақтандырылған азаматтар бағасы қымбат қызмет түрлерін белсенді түрде пайдаланып келеді. Консультативтік-диагностикалық қызметтер ішінде әсіресе, КТ/МРТ-ға деген сұраныс жоғары. Бірінші тоқсанда Алматы қаласында 366,9 млн теңгеге 24 772 компьютерлік томография, 251,4 млн теңгеге 17 218 магнитті-резонанстық томография жасалған. Сонымен қатар, 1,5 мыңға жуық позитронды-эмиссиондық томография үшін Қор 402,3 млн теңге төледі.

Жылдың бастапқы үш айында жоғары технологиялардың көмегімен жасалған операциялар мен манипуляцияларға 7,1 млрд теңге жұмсалған. Медициналық сақтандыру жүйесі арқылы орындалатын қызметтің бірі – реабилитация. 2022 жылдың бірінші тоқсанында оңалту шараларына 2,8 млрд теңге бөлінді. Естеріңізге сала кетсек, Қор қаржы операторы ретінде кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілген қызметтердің де ақысын төлейді. Биылғы жылдың бастапқы үш айында тегін көмек пакеті бойынша көрсетілген медкөмекке 59,4 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде жедел жәрдем қызметі мен шұғыл жағдайларда көрсетілген мамандандырылған медициналық көмекке, созылмалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларды, сондай-ақ коронавирусты емдеуге жұмсалған қаражат бар.

Қылмыстық істердің әскери соттарға соттылығы

Егемен еліміздің әскери соттары 1992 жылдан бастап жұмыс істейді....

Последний атаман казахского кино…

УШЕЛ ИЗ ЖИЗНИ АСАНАЛИ АШИМОВ. ВЕЛИКИЙ АКТЕР. НАША ГОРДОСТЬ....

Орталық Азия – Жапония: жаңа стратегиялық диалог

2025 жылғы 20 желтоқсанда Токио қаласында өткен «Орталық Азия...

Құқықтық мәдениет: ұғымы, құрылымы және қоғамдағы рөлі

Құқықтық мәдениет – құқықтық мемлекеттің негізін құрайтын маңызды қоғамдық...

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін қауіптілігі

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына елеулі қауіп төндіретін...