spot_img
spot_img

«Сөзге тоқтау – сыйластықты сақтайды»

«Дау қуған бәлеге жолығады», «Сөзге тоқтау – сыйластықты сақтайды» дейді бабаларымыз. Мұндай мәтелдер ел ішіндегі береке, бірлікті насихаттап, халықты татулық пен ынтымаққа шақыру мақсатында айтылған болса керек. Бітімгершілікті күнделікті өмірінің күретамырына айналдырған бабалар дәстүрін заңдық тұрғыдан қолдау мақсатында соңғы жылдары ауқымды шаралар атқарылды.

2011 жылы «Медиация туралыә заң қабылданып, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар мектебінің қалыптасуына жағдай жасалды. Қазақстан халықтары ассамблеясымен, әкімдіктермен, кәсіподақ ұйымдарымен ортақ меморандумға отырған соттар даулардың бітімгершілікпен бітуіне мүдделік танытты. Сол арқылы ортақ іске мүдделі орғандарды ұйыта білді.

Республикадағы әрбір сотта медиация кабинеттері, бұрыштары ашылды. Жер-жерде ақсақалдар алқасының, билер кеңесінің құрылуына жол ашылды. Соның нәтижесінде ауыл арасындағы кейбір дау-дамайлар сотқа жетпей, ақсақалдардың, ауылдағы беделді жандардың араласуымен бейбіт шешіліп жатыр. Бұл да болса дала заңының дара заңға айналғанының бір дәлелі.

Бүгінде қанатын кеңге жайған медиациямен тек медиаторлар айналыспайды. Соттасқан екі тарап енді судья-медиаторлардың жол көрсетуімен, болмаса өз адвокаттарының ақыл-кеңесімен дауды шеше алады.

Адвокаттар да келіспеушілікті татуластыру рәсімімен реттеудің пайдалы екенін түсініп келеді. Өйткені, бұрын партисипативтік келісімдер өте аз жасалатын. Қаламақыға байланған адвокаттар істің сот арқылы шешілуіне мүдделі болатын. Алайда, соңғы уақытта жүргізілген насихат жұмыстары медиацияның тиімді екеніне адвокаттардың көзін жеткізе түсті. Шын мәнінде дауды сот арқылы шешудің қиындығы көп. Сот шешімі бір отырыста шығарылмайды. Ол үшін бір апта, бір ай, кейде бір жыл уақыт кетуі мүмкін. Ал медиациялық келісімге бір сағаттық ақылдасудан кейін келуге болады. Сот отырыстары уақыт жағынан ғана емес, қаржылық жақтан да тиімсіз. Сотқа келіп кетудің өзі үлкен шығын. Сондықтан медиацияның бұл артықшылығын да ескерген жөн. Соттасқанда мемлекетке баж салығын төлесе, медиациялық келісімге келгендерге ол ақша қайтарып беріледі. Сот отырысы ашық өтетіндіктен, тараптар арасындағы дау ауыл-аймаққа жылдам тарауы мүмкін. Ал медиация дауды құпия сақтауымен де ерекше. Осыған орай тараптар медиацияға таңдау жасаса өкінбейді.

Жамиля Арстанова,

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...