Сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер аталды

ІМ сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде ішкі істер органдары көрсететін 40 қызметтің 38-і (95 пайыз) автоматтандырылған. 2020 жылы ішкі істер органдары 8 миллион 937 мың мемлекеттік қызмет көрсеткен. Оның ішінде 8,5 миллионнан астам қызметті азаматтар egov.kz порталы арқылы, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрон түрде алды, тек полиция бөлімшелеріне жүгінген кезде ғана 387,5 мың қызмет қағаз түрінде көрсетілген.

Осының ішінде ең көп сұранысқа ие қызметтер: автокөлікті тіркеу (2 миллион 366 мың), жеке басты куәландыратын құжаттарды беру (2 миллион253 мың) және жүргізуші куәліктерін беру (986 мың), сондай-ақ азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу (2 миллион 067 мың).

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ-нің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ең басты ұстанымы — қызметтерді автоматтандыру, жеделділігін арттыру, ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықты азайту екенін атап өтті.

«Бүгінде біздің барлық әрекетіміз мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған. Ең бастысы, адамдар оларды үйден немесе кеңседен шықпай-ақ тез және ешқандай әуреге түспей ала алады. Сонымен қатар, шешім қабылдаудың әрбір кезеңінде уақытылы және объективті орындалуын қадағалау керек», — деп атап өтті ведомство басшысы.

Бұдан басқа, цифрландыру қызметтерді біртұтас көрсетуге мүмкіндік беретіні, яғни бір өтініш бойынша бірден өзара байланысты бірнеше қызметтерді алуға болатыны айтылды. Барлығы тоғыз қызмет түрі бар, олар 2020 жылы енгізілген.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...