СҚО бойынша ҚАЖД Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері жастар орталығымен бірлесіп, мақсаты жалғыз тұратын қарт адамдарға және басқа да мұқтаж жандарға қажетті көмек көрсету болып табылатын «Біргеміз» акциясын ұйымдастырды.
Акцияға пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар қатысып жалғыз тұратын зейнеткер Сәуле Қапановаға қысқы кезеңге отын дайындауда көмек көрсетті.
«Мен еріктілер қозғалысына өзім қатысуға ниет білдірдім. Біз бір-бірімізге, әсіресе жалғызбасты қарт адамдарға көмектесу өте маңызды екенін түсінеміз. Біз үшін отын жарып, ауланы тазарту қиынға соқпайды»,- дейді сотталғандардың бірі.
Зейнеткер өз кезегінде пробация қызметінің есебінде тұрғандарға және қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
СҚО бойынша ҚАЖД
Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық ПҚБ инспекторы
әділет лейтенанты
П.Тухбатуллина


