12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

СҚО бойынша ҚАЖД №48 мекемесінде Республикалық тәжіктер қауымдастығының шақыруымен «Ашық есік күні» өтті

СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің бастамасымен № 48 мекемеде сотталғандардың туыстары үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Айта кетсек, бұл іс-шара жыл басынан бері үшінші рет өткізіліп жатыр, оның мақсаты туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарды сақтау және сотталғандардың қоғамда сәтті әлеуметтендіруін қамтамасыз ету болып табылады.

Сотталғандармен кездесуге біздің өңірден ғана емес, республиканың басқа облыстарынан да 55 туысқандары келді. Іс-шара барысында қонақтар үшін мекеме бойынша экскурсия өткізілді. ҚАЖ Департаментінің Қазақстан халқы Ассамблеясымен тығыз өзара қарым-қатынасы аясында іс-шараға қонақ ретінде, қайырымдылық акциясын ұйымдастырған, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тәжіктер
республикалық қауымдастығының басшысы У.М.Раджабов және өкілдері шақырылды.

Қауымдастық атынан қонақтар мен сотталғандар үшін тәжік хылқының ұлттық асы — палау және басқа да тағамдар дайындалды. Акцияның басты мақсаты жазасын өтеп жатқан адамдарға үй жайлылығы туралы еске салып, ұлттық салт-дәстүрлерді, сондай-ақ Қазақстанның барлық халықтарымен достық қарым-қатынастарды қолдау болып табылады. Мұндай іс-шаралар сотталғандардың психоэмоционалды жағдайына оң
әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар олардың өмірінде белгілі бір жетістіктерге жетуге ынталандырады.

«Нағыз эмоцияларды тек аналардың, әкелердің, әйелдердің жәнебалалардың көзінен ғана емес, сонымен бірге отбасының құндылығын білетін сотталған адамдардан көргенімізге қуаныштымыз. Біз мұндай іс-шаралар сотталғандарды қоғамға одан әрі бейімдеуде маңызды рөл атқарады деп санаймыз. Олардың әрқайсысы басты құндылық — біздің отбасымыз екенін түсінеді деп ойлаймын»,- деп атап өтті тәжіктер республикалық қауымдастығының жетекшісі У. М. Раджабов. Сотталғандардың туыстары өз кезегінде мекеме әкімшілігінің қонақтары мен қызметкерлеріне мекемеге барып, туыстарымен сөйлесуге және жақындарының бас бостандығынан айыру орындарында қалай өмір сүріп жатқанын өз көздерімен көруге мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғыс білдірді.

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...

Республика күні: №14 мекемесінде гимн шырқалып, спорттық сайыстар өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14...

В День Республики — инициатива, единство и гордость

В честь Дня Республики Казахстан осуждённые учреждения №14 ДУИС...

Кішкентай қыздың құрметі – үлкен өнеге

Қоғамдағы тыныштық пен тәртіпті сақтау – полиция қызметкерлерінің ең...