СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің ведомстволық бағынысты мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 200-ден астам сотталған депозит ашты

Естеріңізге сала кетейік, ынтымақтастық аясында Отбасы банкімен меморандумға қол қойылған болатын. Департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы Берік Біләлов сотталғандармен кездесулер өткізіп, онда депозит ашу мүмкіндігі туралы ақпаратты өзі жеткізген. Осылайша, өтініштер жазу және ресімдеу үшін қажетті телефон нөмірлерін тіркеуді ұйымдастыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.

Енді сотталғандар босатылғаннан кейін пәтер сатып алу үшін алғашқы жарнаны жинауға мүмкіндік алды. Мұндай бастамалар сотталғандарды жұмысқа орналасуға, түзету жолына түсуге және жазасын өтегеннен кейін тезірек бейімделуге ынталандырады.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...