12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің №50 мекемесінде алғаш рет жаңа жыл қарсаңында ашық есік күні өтті

СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің №50 мекемесінде алғаш рет жаңа жыл қарсаңында ашық есік күні өтті. 52 сотталғанға 108 туыс келді, оның 27-сі балалар. Қонақтар үшін аниматорлармен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, Аяз Ата мен Ақшақар дәстүр бойынша балаларды сыйлықтармен қуантты.

Жазасын 10 жылдан бері өтеп келе жатқан Қаракөз Мырзахметовамен кездесу үшін Қостанайда тұратын оның әпкесі мен жиені келді. Сотталған жиенін бірінші рет көрді, кездесу екеуіне де сыйлық болды, себебі сол күні жиенінің туған күні болды.

«Мен әкімшілікке осындай тосын сый, әпкем мен жиенімді көруге мүмкіндік бергені, мерекелік концерт ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіргім келеді, бәрімізде жаңа жылдық көңіл-күй бірден пайда болды. Бүгін менің жиенімнің туған күні, ол 4 жасқа толды. Мен қазір шыныменде ең бақыттымын», — дейді Қаракөз.

Іс-шараға туыстардан басқа, СҚО адам құқықтары жөніндегі уәкілінің өкілі Жанат Жеңісұлы Жұмабаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркеулан Мажитұлы Бектұров, СҚО бойынша ҚБК өкілі Игорь Александрович Коновалов қатысты.

«Жаңа жыл отбасылық мереке екенін бәріміз білеміз, сондықтан сотталғандар да осы мереке қарсаңында отбасылық ошақтың жылуын сезіне алуы үшін мерекелік концерт ұйымдастырып, балаларға арналған шырша өткізу туралы шешім қабылдадық. Сотталғандардың бірі үшін тосын сый дайындалды. Ең бастысы, барлығы риза қалғаны», — дейді мекеме бастығы Қанат Сүлейменов.

Абай облысының қауіпсіздігі орташа мекемесінде «Оралханның тәрбиелік ойлары» атты кинопоказы мен кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде...

№20 мекемеде сотталғандарды жұмыспен қамту және өндірістік әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемеде...

В учреждении №20 обсудили вопросы занятости осуждённых и развития производственного потенциала

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...