12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінде Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы аясында семинар өтті

Ағымдағы жылғы 20 қыркүйекте СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің және ведомстволық бағынысты мекемелердің жеке құрамы үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органдардың өкілдерін шақырумен семинар өтті. Талқылаудың негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022 — 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» жарлығы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасы және алдын алу мәселелері болды.

Семинарға спикер ретінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Департаментінің өкілі Светлана Николаевна Зайцева шақырылды.
Дәріс барысында тұжырымдаманың үш негізгі тақырыбы қозғалды, атап айтқанда олар: сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін жою және жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру. Светлана Зайцева қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықтың ең көп таралған түрі- тұрмыстық қатынастар саласында жасалатынын тұрмыстық сыбайлас жемқорлық екенін атап өтті.

Сондай-ақ, спикер презентация мен бейнематериалдар арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру кезеңдерін көрнекі түрде көрсетті.
«Халықтың қалың жігінің құқықтық насихатын күшейту арқылы халықтың құқықтық санасы мен құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру қажет, өйткені пара беретін адамдардың көпшілігі аталған құқық бұзушылық жасау кезінде өз құқықтары мен жауапкершілігі туралы ақпаратты жеткілікті дәрежеде білмейді», — деп атап өтті Светлана Зайцева.

Департамент басшылығы мен семинарға қатысушылар С.Н.Зайцеваға ұсынылған ақпарат және қызықтырған сұрақтарға толық жауаптар үшін, ал спикер өз кезегінде қатысушыларға сындарлы және жемісті өзара іс-қимыл үшін алғысын білдірді.

Қазақстан Республикасы күніне орай пробация қызметінің есептегілеріне арналған экскурсия

Семей қаласының пробация қызметкерлері Қазақстан Республикасы күніне орай есептегі...

Саптық тексеріс өткізілді

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №79 мекемесінің жеке...

“Свет маяка надежды” әлеуметтік жобалар ассоциациясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №79 мекемесінде сотталған...

Заключён меморандум о сотрудничестве с Ассоциацией социальных проектов «Свет маяка надежды»

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области,...