Сән қуған жастар мұрынның дәл үстіне жаппай тату салдыра бастады

Жаңа сәннен қалғысы келмеген жастар жаппай мұрнына тату салдыра бастады деп хабарлайды The Sun басылымы. 

Бүгінде сәннің соңғы үлгісіне сай болғысы келетіндер түрлі әрекеттерге барып жатады. Кей кездері сән жарысынан қалғысы жоқ жастар көптің таңданысын тудыратын өзгерістерге барудан да тайынбайды.

Дәл осындай тенденцияның жарқын үлгісі ретінде мұрнына жарыса тату салдырып жатқандарды мысалға келтіруге болады.

Олар мұрнының үстіне түрлі суреттерді татудың көмегімен салдырып, өз фотоларын желіге жүктеуге кіріскен.

Мұрнына тату салдырып үлгергендердің дені бұл процедураны жасау кезінде қатты ауырсыну сезімдеріне шыдау керектігін жасырмайды.

Мұрынды киім астында жасыру мүмкін еместігі де бұл дене мүшесіне тату салдырғандардың әрекетін одан бетер ақылға қонымсыз ететіндей. Мұрынды тек бетперде тағу арқылы жасыруға болатынын, ал бір салдырған тату оңайлықпен кете қоймайтынын ескерсек, мұндай тату салдыруға көпшілік қызыға қоюы екіталай деген ой келеді.

Десе де сән үлгісіне сай болғысы келгендерді мұндай қиындықтар тоқтатып отырған жоқ. Желіде мұрнына тату салдырғандардың суреті күн санап көбейіп жатыр. Олар өз суреттерін ел назарына ұсынып, жұрттың түрлі пікірлеріне ие болуда.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...