12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сән қуған жастар мұрынның дәл үстіне жаппай тату салдыра бастады

Жаңа сәннен қалғысы келмеген жастар жаппай мұрнына тату салдыра бастады деп хабарлайды The Sun басылымы. 

Бүгінде сәннің соңғы үлгісіне сай болғысы келетіндер түрлі әрекеттерге барып жатады. Кей кездері сән жарысынан қалғысы жоқ жастар көптің таңданысын тудыратын өзгерістерге барудан да тайынбайды.

Дәл осындай тенденцияның жарқын үлгісі ретінде мұрнына жарыса тату салдырып жатқандарды мысалға келтіруге болады.

Олар мұрнының үстіне түрлі суреттерді татудың көмегімен салдырып, өз фотоларын желіге жүктеуге кіріскен.

Мұрнына тату салдырып үлгергендердің дені бұл процедураны жасау кезінде қатты ауырсыну сезімдеріне шыдау керектігін жасырмайды.

Мұрынды киім астында жасыру мүмкін еместігі де бұл дене мүшесіне тату салдырғандардың әрекетін одан бетер ақылға қонымсыз ететіндей. Мұрынды тек бетперде тағу арқылы жасыруға болатынын, ал бір салдырған тату оңайлықпен кете қоймайтынын ескерсек, мұндай тату салдыруға көпшілік қызыға қоюы екіталай деген ой келеді.

Десе де сән үлгісіне сай болғысы келгендерді мұндай қиындықтар тоқтатып отырған жоқ. Желіде мұрнына тату салдырғандардың суреті күн санап көбейіп жатыр. Олар өз суреттерін ел назарына ұсынып, жұрттың түрлі пікірлеріне ие болуда.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа Қазақстандағы тұңғыш агротехнопарк таныстырылды

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық...

Құжаттама бөліміне жүктелген жауаптылық жоғары

2025 жылғы 1 шілдеде елімізде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік...

ОСДП и Ассоциация деловых женщин презентовали проект PANA по созданию сети точек укрытия для женщин и детей

АСТАНА, 19 февраля 2026 года - Общенациональная социал-демократическая партия...

Бүгін Ақтөбе қаласында «Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» тақырыбында жастар пікірталасы өтті.

Іс-шараның мақсаты – жаңартылған Конституцияның негізгі ережелерін жан-жақты талқылау,...

Жыр алыбы — Жамбыл Жабаев!

Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты,  №11 мекемесінде кәмелетке...