Сөйлесетін қыздарын «брат» деп сақтап қоятын — Бақтияр Артаевтың әйелі

Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың жары Салтанат Тұңғатова спортшымен қалай танысқанын, табысқанын Еуразия бірінші арнасындағы «Ең алғашқы» бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді, деп жазады stan.kz.

«Үйленем дегенше бес жылдай кездесіп жүрдік. Осы уақыт ішінде біраз нәрсе болды. Маған дейін жылдап сөйлескен қыздары болды. Кездесіп бастағанымызға екі-үш ай болған соң біле бастайсың, сұрастырасың. Ол қыздар да өздерінің бар екенін білдірткісі кеп. Бақтияр олардың атын «брат» деп сақтап қоятын. Қай «брат» екенін білмейсің. Өзінің санаулы досы бар, олардың аты шығып тұрады. Сондайдан ұсталған қызықты кездері болған. Кейін «брат» емес екенін біліп жаттық», — деп өткенді еске алды спортшының жары.

Мұндай жайттарды бүгінде күліп қана еске алатын боксшының өзі жастықпен ондай қызықтар болғанын, алайда таңдаудан қателеспегеніне, ата-анасын сыйлайтын, парасатты жанды жар еткеніне қуанатынын жеткізді.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...