Сүйеніш Әбділдин «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшысы болды

Сүйеніш Әбділдин «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ұжымына басқарманың жаңа төрағасын таныстырды. Ол — бұған дейін бірінші орынбасар қызметін атқарған Сүйеніш Әбділдин», — делінген корпорация хабарламасында.

Сүйеніш Төлеуханұлы Әбділдин 2011 жылы ҚБТУ-ды «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша, 2014 жылы Ұлыбританияның Бирмингем университетін бітірген. Информатика мамандығы бойынша магистр дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2011 жылдың қазанында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жетекші маманы болып бастаған.

«Құқықтық тәртіп» пробация есебіндегі азаматтар тексерілуде

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық пробация қызметінің инспекторлары...

Мәслихат сайлауы – азаматтық жауапкершілік пен демократиялық мәдениеттің көрінісі

Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі азаматтардың ел өміріне белсенді...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі....

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің тұрақты дамуына, экономикалық өсіміне және...

Алаяқтардан сақ болайық!

Қазіргі қоғамда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы азаматтарға көптеген мүмкіндіктермен...